Қазақша қызмет көрсетуін сұрағанында күзетші “арандатушысың” деп итеріп жібергендіктен, ызаланып телефонының камерасын қосып, жағдайды видеоға түсіре бастаған.

Нұр-Сұлтанда Тіл майданы қозғалысының өкілдері дүкендердің бірінде қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен қарияны күзетші “арандатушысың” деп итеріп жібергенін мәлімдеді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпараттық порталы, qamshy.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым жарияланған видеодан қарияның “мен қашан мына жерде мемлекеттік тілде қызмет алам, айтыңызшы? Сіз неге мені қуасыз? Қазақстанда қазақша сөйлеуге болмай ма?”, “мені күзетші арандатушысың деп итеріп жіберді, өзі бір сөз (қазақша – ред) білмейді, мына жерде қалай жұмыс жасайды, мені неге итереді” деген ашынған даусы естілгенін мәлімдеді.

Қария дүкенге сүт сатып алуға кірген. Қазақша қызмет көрсетуін сұрағанында күзетші “арандатушысың” деп итеріп жібергендіктен, ызаланып телефонының камерасын қосып, жағдайды видеоға түсіре бастаған.

Айта кетерлігі, қозғалыс қазақша қызмет көрсетпеген мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдарды, кәсіпкерлік нысандарды сотқа беріп, жәбірленушілердің құқығын қорғаумен айналысады.

Рубрика: