07 ноября, 2015 Comments Off on ШЫМКЕТТІК ОҚУШЫЛАР «MOSTRATEC» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

ШЫМКЕТТІК ОҚУШЫЛАР «MOSTRATEC» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

444444Шымкенттегі қазақ-түрік ерлер мектебінің оқушылары Бразилияда өткен халықаралық MOSTRATEC-2015 ғылыми жобалар олимпиадасынан жеңіспен оралды. Олимпиада биология, физика, химия, астрономия, экология, энергетика, ақпараттық технологиялар сынды секциялар бойынша болды. Жарысқа әлемнің 21 елінен 875 оқушы қатысты. Қазақстаннан 58 оқушы бақ сынаған білімділер сайысында Шымкенттен №1 қазақ-түрік ер балалар лицейінің 11-сынып оқушылары Ордабаев Дәурен мен Туғанбай Шынболат ақпараттық технологиялар секциясы бойынша қатысып, «Calcudoku» тақырыбында өз жобаларын қорғап ІІI орынға ие болды. Қола медальға қол жеткізген жерлестеріміз әлемдегі ең танымал сөзжұмбақ түрлерінің бірі - судокудың жаңа нұсқасын жасап, оның ең қиын судоку екенін дәлелдеп шықты. Айта кетейік, олимпиада қазанның 25 мен 2 қараша күндері аралығында Бразилияның Новогамбург қаласында өткен.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Загрузка...

Комментирование закрыто.