02 ноября, 2015 Comments Off on ШЫМКЕНТТІК «ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ КЕЛЕСІ МАУСЫМЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ.

ШЫМКЕНТТІК «ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ КЕЛЕСІ МАУСЫМЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ.

img_3209Қазақстан біріншілігінің қорытындысында төртінші орынға шыққан «ордабасылықтар» Шымкентте өткен соңғы ойында «Атырау» аяқдопшыларынан 0:1 есебімен ұтылған болатын. Ал олардың төртінші орын үшін таластағы басты қарсыласы павлодарлық «Ертіс» клубы елордада «Астана» командасына 0:1 есебімен жол беріп, жолдамадан қағылды. Сонымен, біріншіліктің аяқталуына 1 тур қалғанда «Ордабасы» 29 ұпаймен тізімдегі төртінші орнын сақтап қалды. Егер де Қазақстан Кубогының финалында «Астана» мен «Қайрат» клубтары кездесіп жатса, онда «Ордабасы» футболшылары Еуропа Лигасының келесі маусымына қатысады. Айта кету керек, Еуропа Лигасының биылғы маусымында шымкенттіктер Израильдің «Бейтар» командасынан жеңіліп, келесі кезеңге өте алмай қалған болатын.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Загрузка...

Комментирование закрыто.