АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Шымкентте зергерлік бұйымдардың жолы кесілді

Елімізге заңсыз әкеле жатқан жалпы салмағы 3 килодай болатын зергерлік бұйымдардың жолын қазақстандық шекарашылар кесті.

«Шымкент авиа» шекаралық бақылау отрядының наряды «Стамбұл — Шымкент» бағытындағы VSV-488 рейсін тексеру кезінде қол жүгі ретінде косметикалық қалташаларға салынған және бикелер сөмкесіне полиэтиленді қалташаларға оралып салынған зергерлік заттарды анықтады.

Аталған жүктердің иесі, 38 жастағы Қазақстан азаматшасы жүзіктер мен сырғаларды, алқа бұйымдарын Шымкентте сатпақ ниеті болғандығын айтты.

Қажетті құжаттарды дайындау және заттай айғақтарды алу үшін заң бұзушы әзріге әкімшілік тәртіп бойынша ұсталды. Оған ҚР ҚК 209 бабының 1 бөлігі бойынша айып тағылуда.

Аталған дерек бойынша өзара бірлесе жұмыс істейтін органдар хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҰҚК ШҚ Баспасөз қызметі