21 октября, 2015 Comments Off on ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТ АШЫЛДЫ


 dsc_0004Шымкентте ашылған «Қазына» этно-тарихи кешенінде тарихтан сыр шертетін бірқатар нысандар бой түзеді. Оның бірі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент. Биіктігі 15 метр болатын ескерткіш қазақ ою-өрнектерімен безендіріліп, айқасқан қос арканы бедерлейді. Монумент ортасына биіктігі 10 метрлік, ені 8 метрлік пирамида түріндегі композиция қойылған. Пирамиданың қырларына Қазақ хандығының барельефті композициясы және Тұңғыш Президенттің сөздері жазылған. Бұл жерде ұзындығы 50 метр, биіктігі 8 метрді құрайтын тарихи ескерткіштердің бірі - «Ұлы жібек жолы» сәулеттік-композициясы. Ұлы жібек жолының Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен. Сәулеттік-композиция оңтүстік өңірдегі Сауран, Яссы, Отырар, Исфиджаб және т.б. көне қалалар арқылы өткен сауда-керуендік жол бағытын сипаттайды. Сонымен бірге Тоныкөк, Яссауи, Фараби ғасырларынан кейінгі 19-20 ғасырлардағы ғұламаларымыз бен А.Құнанбаев, М.Әуезов, Н.Назарбаевтың өсиет сөздері 33 дана тасқа қашалып жазылған «Даналар өсиеті» саябақ төрінен орын алған. Мұндағы тарихы нысандардың бірі - 27 тарихи-сәулеттік ескерткіштер. Бұл өңіріміздің тарихи нысандарының макет түріндегі көрінісі. Оңтүстік Қазақстан – ежелгі өркениеттің ордасы. Сондықтан облысымызда тарихи ескерткіштер мен әйгілі – қорғандар, бекіністер, ежелгі қалалық кесенелер, тұрғындардың қоныс қалдықтары жетерлік. Макеттер этносаябақтың жоғарғы жағында орналасқан. Оның астындағы тұғырдың биіктігі 0,65 м, ал ені мен ұзындығы 2,7 м. «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі, «Бәйдібек би» кесенесі, «Домалақ ана» кесенесі және т.б. тарихи ескерткіштердің макеті орнатылған. Шаһардың көркін ашып, қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс уақытын өткізуіне мүмкіндік беретін осындай тарихи-мәдени кешендердің өңірлерде бой көтеріп жатқандығы – Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқандығының тағы бір айғағы.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
:

Загрузка...

Комментирование закрыто.