АЛТЫНОРДА
Новости

Шымкентте ірі кәсіпкер мен оның баласының өліміне күдіктілер ұсталды

Астана. 3 сәуір. Baq.kz — Шымкентте ірі кәсіпкер мен оның баласының өліміне күдіктілер ұсталды. Полицейлер қылмыскерлерді бір апта ішінде қолға түсірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

 

Жүргізілген жедел шаралардың нәтижесінде ОҚО ІІД криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілердің ізіне түсіп, оларды Алматы мен Астана қалаларында ұстады. Сондай-ақ, бір қылмыскерді Атырауға бара жатқан пойызда қамауға алды. Ал төртінші күдікті Қызылорда қаласында қолға түсті.

«Күдіктілер – басқа қалалардың тұрғындары, олардың барлығы жасырынбақ болған. Күдіктілердің үшеуі бұрын сотталмаған: 1975 ж.т. Атырау облысының тұрғыны, 1987 ж.т. Алматы облысының тұрғыны және 1973 ж.т. Қызылорда облысының тұрғыны. Қызылорда облысының 1986 ж.т. тағы бір тұрғыны бұған дейін есірткі мен ұрлық үшін сотталған», – деді ОҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары Қайрат Дәлбеков.

Күдіктілердің бірінің айтуынша, олар бұл қылмысқа жіті дайындалған. Қылмысты жасаудан бір күн бұрын Шымкентке келген. Ал 24-нен 25-не қараған түні жәбірленушінің үйіне таксимен жетеді. Өздерімен бірге шеге суыратын құрал, металл сымдар және саты алып келген. Сол саты арқылы екінші қабаттағы балконға өтіп, ғимаратқа кірген. Алдымен үйдегі ер адамдар – әкелі-балалы екеуді басынан бірнеше рет ұрып, ауыздарын жауып, қолдарын байлап тастаған. Содан кейін әйелдерге көшкен. Сосын зілбалғамен сейфті бұзып, ақша мен бағалы бұйымдарды алған. «Олжаны» өзара бөліскен. Айғақ зат ретінде олардан 4360 еуро және 81 алтын әшекей тәркіленді.

«Бұған дейін хабарланғандай, қылмыс 25 наурыз күні таңертең орын алған. Оқиға орнына жеткен ішкі істер департаменті мен полицияның аудандық бөлімшесінің қызметкерлері шамамен таңғы 04:40 шамасында бетперде киген белгісіз төрт адам шымкенттік кәсіпкердің үйіне басып кіріп, олардан ақша талап еткенін, соққыға жыққанын анықтады. Соның салдарынан, 1963 ж.т. жеке кәсіпкер, үй иесі мен оның 1995 ж.т. ұлы ауыр жарақаттан көз жұмды. Ал кәсіпкердің 1967 ж.т. жары мен 1994 ж.т. қызы түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жатқызылды.

 

http://www.baq.kz/news/25708