11 ноября, 2015 Comments Off on Шымкентте ауыл шаруашылығы көрмесі басталды

Шымкентте ауыл шаруашылығы көрмесі басталды

0FC007A3-DD5F-4CD0-86F2-BA6157C42498_cx0_cy2_cw0_w308_h173Шымкенттегі Көрме орталығында «AgriTekShymkentʼ2015» төртінші халықаралық мамандардырылған ауылшаруашылық көрмесі өтіп жатыр.

TNT Productions, LLC халықаралық көрме компаниясы ұйымдастырған көрмеде Қазақстаннан бөлек Түркия, Ресей, Германия, Испания, Италия сияқты он елдің 70 компаниясы өз өнімдерін ұсынуда.

Шара Көрме орталығының ауласы мен үлкен залында өтіп жатыр. Аулада ауылшаруашылығы саласында қолданылатын техникалар мен жабдықтар, үлкен залда негізінен тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау заттары қойылып, жеміс-жидектер мен көкөністерді өсіру технологиясы ұсынылған.

Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Полатбай Тастановтың Азаттыққа айтуынша, көрмеде ауыл шаруашылығына арналған озық технологиялар қойылды.

«Көрмеге шетелдік 1300-дей делегат қатысуда. Бұл көрме, тамшылатып суғару, ылғалды үнемдеу сияқты жаңа технологияларды дихандардың игеруіне сеп болады. Көрмеге қойылған технологияларды шаруалар келіп көріп, компаниялармен келісім шартқа отыра алады» дейді Полатбай Тастанов.

Полатбай Тастанов «бүгінде ауыл шаруашылығының дамуына басты кедергі - қаржы, ал жетістігі – ылғалды үнемдеу технологиясы» екенін айтты.

Көрме 13-қарашаға дейін жалғасады.

http://www.azattyq.org/

Загрузка...

Комментирование закрыто.