АЛТЫНОРДА
Новости

Шымкентте араққа сылқия тойып алып, жұрт мазасын алған мұғалім құрықталды

ШЫМКЕНТ. 4 сәуір. Baq.kz — Шымкент қаласының полиция қызметкерлері мас мұғалімді құрықтады. Бұл туралы total.kz хабарлап отыр. 

 

Ішкі істер департаментінің мәліметіне қарағанда, 22 жасар қыз көшеде өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, балағат сөздер жаудырып, қоқан лоқы жасаған көрінеді. Жұрт мазасын қашырған мас әйелді тәртіп сақшылары құрықтап, айықтыру орталығына алып кеткен екен. Тексеру барысында ұсталған әйелдің мектеп мұғалімі екені анықталыпты. Айлық жалақысы қолына тиген соң, мұғалім қуанышын осылайша атап өткен көрінеді.
Сараптама нәтижесі көрсеткендей, 22 жасар мұғалімнің қанында 8 промилле алкоголь болғаны анықталды. Тектек суға сылқия тойып алған педагогты айтықтыру орталығында екі сағат ұстап, сон-соң үйіне жіберіпті.
http://www.baq.kz/news/25762