АЛТЫНОРДА
Новости

Шығыс Қазақстандықтар Наурыз мейрамының құрметіне «Қара жорға» биінің әуенімен флешмоб өткізеді

Астана. 18 наурыз. Baq.kz Өскемен қаласында Наурыз мейрамының құрметіне «Қара жорға» биінің әуенімен флешмоб өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі

ШҚ ОТД баспасөз қызметінің хабарламасында көрсетілгендей, аталмыш шара 20 наурызда сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы ғимаратының алдында ұйымдастырылады.
Дирекцияның басшыларының пікірінше, акцияның мақсаты қызметкерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, олардың корпоративтік рухтарын көтеру, сонымен қатар, компания клинеттерін таңқалдыру болып табылады.
«Би өзінің әсерлі ырғағымен адамдардың рухын нығайтады, сергектіктері мен сенімділіктерін күшейтеді» дейді ұйымдастырушылар.
Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының қызметкерлерінің бастамасымен өтетін акцияға қала қонақтары мен тұрғындары да қатыса алады.

 

http://www.baq.kz/news/24927