434_5ce9638101d8c98a80685c19ce254c6eАстана. 18 шілде. Baq.kz – 2013 жылғы 17 шілдеде Астана уақытымен 20.00 сағат шамасында Ақтөбе қаласындағы әскери аэродром аумағында оқу-жаттығу ұшуы барысында қонуға бет алған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының Л-39 оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырады деп хабарлайды ҚР Бас әскери прокуратурасы.

 Әскери институттың Ұшу қауіпсіздігі қызметінің әдіскер-инспекторы авиация подполковнигі Виссарионов Евгений Николаевич және Әскери институттың 2 курс курсанты Массалимов Арман Евгенийұлы оқиға болған жерде қаза тапқан.
Осы оқиға бойынша Актөбе гарнизонының әскери прокурорымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабында қарастырылған «Ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу» қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық істі тергеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Батыс аймағының Әскери-тергеу басқармасының Ақтөбе бөліміне жүктелді.

http://www.baq.kz/kk/news/32402

Рубрика: