АЛТЫНОРДА
Новости

Шешенстан астанасында зәулім ғимарат өртенді

АСТАНА. 4 сәуір. BAQ.KZ — Шешенстан астанасы Грозныйда елдегі ең биік 47 қабатты зәулім ғимарат өртенді.

 

Ресейлік ақпарат көздерінің мәліметіне сүйенсек, өрт Мәскеу уақытымен 18.00-де орын алған. Тілсіз жау ғимараттың батыс бөлігін толық шарпыған. Грозный орталығының жолдары толық жабылып, өрт сөндіруші көліктердің дабылы қаланы басына көтеруде. Апат салдары әзірге анықталған жоқ. Өрттен зардап шеккендер жайлы ақпараттар да келіп түспеген. Ғимаратта осы сәтте болған адамдардың барлығы қауіпсіз жерге көшіріліп, оқиға орнында мамандар жұмыс істеуде.
Тілсіз жаумен күресуге 270 адам мен 70 техника жұмылдырылыпты. Қазіргі таңда өрт толығымен ауыздықталды. Айта кетейік, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров актер Жерар Депардьеге берген пәтері осы өрт болған ғимаратқа көрші орналасқан.

 

http://www.baq.kz/news/25760