АЛТЫНОРДА
Новости

Шерушілер Абхазия президенті кеңсесін басып алды

Президент кеңсесі алдына келген демонстранттар. Сухуми, Абхазия, 27 мамыр 2014 жыл.Грузияның жікшіл Абхазия аймағының орталығы Сухуми қаласында 27 мамыр күні оппозицияшыл демонстранттар аймақ басшысының кеңсесі орналасқан ғимаратты басып алып, бір бөлігін қиратты. Жүздеген адам ғимарат алдына үкіметтің бейқамдығына наразылық білдіріп, реформалар жүргізуді талап етуге жиналған.

Демонстранттар президент Александр Анкваб отырған ғимаратты басып алуға бірнеше рет әрекет қылып, соңында терезені сындырып кірді.

Александр Анкваб оппозиция жетекшісі Рауль Хаджимбамен кездесуге келісім беріп, сосын үкіметті тарататынын айтып, ғимаратты тастап шықты.

Бұдан соң да шеру жалғасып, оппозиция Анквабтың өзінің де отставкаға кетуін талап еткен.

Абхазия мен Грузияның тағы бір жікшіл аймағы — Оңтүстік Осетияны Мәскеу 2008 жылы тамызда Ресей мен Грузия арасындағы қысқа мерзімді соғыстан кейін тәуелсіз деп таныған. Бірақ Тбилиси бұл аймақтарды әлі Грузияның бір бөлігі санайды.

 

http://www.azattyq.org/content/news/25401018.html