АЛТЫНОРДА
Новости Караганды

Шағын шаһарларды дамыту бағдарламасы жемісін беруде

кҚарағанды облысында 8 шағын қаланы дамыту мақсатында 300-ге жуық жобаны жүзеге асыру көзделген.

Елімізде шағын қалалары ең көп облыс — Қарағанды. Өңірдегі ірілі-ұсақты 8 шаһарды дамыту үшін 300-ге жуық жоба жүзеге асырылмақшы. Ол жобалар сәтімен іске асса, 7 мың адамға жұмыс орны ашылады.

Қарағанды облысындағы ғана емес, Қазақстандағы шағын қалалардың ірісі — Теміртау. Мемлекеттің моноқалаларды дамыту бағдарламасын, Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді белсене атқарып жатқаны да осы қала. Мәселен, биыл «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша қала жолдарын жөндеуге 700 миллион теңге бөлінді. Бұған қоса, трамвай тораптары да ретке келтірілді. Аурухана, балабақша сынды бірқатар әлеуметтік нысандар, 6 бірдей мектеп жөндеуден өткізілді.

Ал, 2014 жылы 9 білім нысанына 237 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жасалмақ. 2015 жылы білім беру нысандарын жөндеу үшін 175 миллион теңге қарастырылған.

Тағы бір жақсы жаңалық — шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы 8 жобаға 3 миллион теңгеден қайтарымсыз грант берілмек.

Қ.ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ

Қарағанды