серик малеев19-ақпандағы ондаған манифестанттар өлтірілген қанды оқиғалардың алдында екі президент түнде телефонмен әңгімелескенде Путиннің Януковичтен украиндықтарды украиндықтардың қолымен өлтіруді үзілді-кесілді талап еткеніне жүз пайыз сенімдімін.

Атап айтарлығы, мен өз күдігіме нақты дәлелдемелер келтіре аламын.

Бұл жерде ол оқиғалардың хронологиясын мұқият бақылау қажет. Сол кезде  Ресей Мәскеу тарапынан Киевке бөлінген жиырма бес миллиардтық несиенің кезекті екі миллиардтық траншын аударғанын растады.

Ал таңертең алдында қол жеткізілген келісімдерге қарамастан, «Бүркіт» арнайы жасағының жауынгерлері украин халқының баррикадаларына шабуыл бастады.

Яғни, біз бір біріне ұласып жатқан оқиғалар легін көріп отырмыз: ақша аударылды, екі мемлекет басшылары әңгімелесті, одан кейін арнайы жасақ украин халқының шебіне шабуылды бастады.

Егер бұл дәлелдемелер аз десеңіз мына дәйектерге назар аударыңыз.

Түске қарай Киевтегі «бүркіттіктердің» шабуылы әлсіреп, Майдандағы халық өз шептерін қорғап қалады. Янукович не істерін білмей дал болады….

Міне, осы мезетте «Россия-1» теллеарнасында Владимир Соловьев тұрақты жүргізетін «Воскресный вечер» бағдарламасының кезектен тыс шығарылымы аяқ астынан эфирге шықты.

Мұның өзі күнде бола бермейтін оқыс оқиға. Ресей телеарналары өз бағдарламаларының ретін бұлай бұза бермейді.

Сонда олар неге мұндай қадамға барды? Менің ойымша, Еуромайданға шабуыл сәтсіз болғандықтан.

 

 

Көпшілікті алдап-арбауға арналған ток–шоу

Осы жерде оқырман арбауға ұшырамас үшін шағын түсініктеме қажет. Мұндай ток–шоулар — көпшілікті көпе-көрне алдау. Көрермен теледидардан адал пікірталасты көріп отырмын деп ойлайды, ал шын мәнінде, олай емес, оқырман әлдеқашан алданған.  Жүргізуші барлығын алдын ала реттеп қойды.

Алдау алыстан басталады. Алдымен спикерлерді тиянақты таңдайды, өйткені тақырып байсалды және билік үшін маңызды болса, олар биліктің «сойылын соғуы» керек.

Екіншіден, қажетті картиналармен және арнайы тілшілердің репортаждарымен көмкерілген тиісті сценарий дайындалады.

Өз ісінің қыр-сырын жақсы меңгерген жүргізушіге де үлкен жүк артылады.

Сондай-ақ бағдарлама басталардан бір немесе жарты сағат бұрын шақырылған 4-5 сарапшыға олардан не қажеттігін, яғни қай бағытты қолдау керектігін түсіндіреді.

Сөйтіп, ток-шоуды американдықтар ойлап тапса, орыстар, әдеттегідей, өздерінің қылықтылығын қосқан.

Ал сол күні кешке Владимир Соловьев ток-шоуда қандай ой айтты екен? Сарапшылар мен спикерлер Украина Президенті Виктор Януковичтен бір нәрсені ғана талап етті – сол кеште айтылған, онша түсініксіз «орыс әлемі» идеясы  үшін украиндықтардың бірін бірі өлтіруі.

Атап айтарлығы, олар украиндықтардың бірін содырлар, экстремистер, басқаларын бандеровшылар и фашистер деп атап, «олар адам санатына жатпайды, яғни оларды қыру құдай қолдаған іс», дегендей сыңай танытты. А басқа тарапты каһарман, батыр ретінде көрсетті. Әрине, бұл адамшылыққа жатпайтын жауыздыққа, зұлымдыққа жатады. Өйткені олар тәуелсіз көрші мемлекеттің ішкі ісіне араласып, онда азамат соғысының ашылуына себепкер болып отыр. Бұл адамгершілікке жатпайды, бірақ Кремльдің саяси тапсырысы сондай болса, не істейді. Владимир Соловьев өз мідетін тыңғылықты орындады. Тіпті, кәсіби тұрғыдан мінсіз орындады десе де болады. Міне, осы жерде бір ғана болжам бар — сірә, Путин Януковичтің Кремльдің жоспарын іске асыра алмай жатқанын түсінген болар, сондықтан осылай, телеарна, «Справедливая Россия» партиясының жетекшісі  Сергея Мироновтың Украинадағы орыстардың қорғау қажеттігі жөніндегі ұрандарымен Януковичке өз хақына қарсы күресте қосымша рух, дем беруге тырысқан болар.

Осы орайда, ең қызығы, тбағдарламаның түпнұсқасында орыс әлемін қорғау туралы ой айтылса, оның бейнетаспаға жазылған ютубадағы нұсқасында Миронов сөзінің жартысын алып тастапты. Артық кеткендерін түсінген болар. Өзіңіз ойлаңызшы, не үшін Виктор Янукович орыс әлемінің мүддесін қорғайды, ол Украинаның президенті емес пе? Бұл көпе-көрнеу сатқындық болмай ма.

Енді сол күні кеште Владимир Соловьевтің студиясында не болғанына қысқаша тоқталайық.

Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың сөзінен: «Егер қазір Янукович күш қолданбаса, егер ол өзінің конституциялық міндетін орындамаса, не болады? Ол белгілі белестен өтіп кетті, шегінер жер қалған жоқ. Украинадағы дағдарысты бейбіт шешуге ешқандай мүмкіндік қалған жоқ. Осы жағдайда Янукович күш қолдануды қаншалықты кейінге шегерсе, (украиналықтарды өлтіруді меңзеп отыр – ред. ремаркасы), ол соншалықты тез президенттіктен кетеді …

Ал Ресей Федерациясы ішкі істерінің экс-министрі Анатолий Куликов былай дейді: «Янукович және оның үкіметі үшін сын сағаты келді. Олар төтенше жағдай енгізіп, тәртіп орнатады, немесе елде азамат соғысы басталады. Жоғарғы Қолбасшы ретінде оның қолында зор мүмкіндік бар, елде тәртіп орнатуға милицияны, әскери оқу орындарын жұмылдыра алады, мүмкіндігі өте көп ….»

Вячеслав Никонов қайтадан сөз алды: «Әңгіме жақын онжылдықта планета картасының қандай сипатта болатындығында. Мұндай жағдайда Ресей көп нәрсені жүзеге асыруда, тіпті осында айтылғандардан да. Біз украин үкіметіне көмек көрсетіп жатырмыз, оның ішінде, жасыры арналар бойыншада».

Фемида не дейді…

Бұған біздің алып, қосарымыз жоқ. Ресей Януковичтің украиндық арнай жасақты соңғы шешуші шабуылға жіберуін қалаған еді. Сөйтіп, үміттің бәрін үзіп, Украинаны азамат соғысына кіргізуге жанын салды. Алайда украиндықтардың бағына орай, арам ой жүзеге аспады. Орыстардың ақшасы да, қаруы да көмектесе алмады. Алдымен «Бүркіт» арнайы жасағының жауынгерлері топ-топ болып халық жағына шыға бастады, ал одан кейін Украинаның өкілетті билігі әділ іске кірісті. Януковичтен, тіпті, аймақтар партиясының депутаттары теріс айналды, олар бүгін Юлия Тимошенконы бостандыққа шығару жөнінде бастама көтерді. Ол украин БАҚтарында төмендегідей көрініс тапты: «Жоғарғы Раданың 21 ақпандағы отырысы экс-премьер Юлии Тимошенконың өмірінде ерекше орын алды. 365 депутатат Тимошенко сотталған баптың қылмыстық сипатын алып тастау бойынша бастама көтерді.  Бұл мәслені талқылау қызу пікірталас тудырды.

Еліміз үшін біздің осы бапты қолдап, дауыс бергеніміз өте маңызды, — деп мәлімдеді халық депутаты Александр Турчинов.

Залдан «Иә» деген дауыс естілді. Одан кейін аймақтар партиясының өкілі халық депутаты Анна Герман сөз алды.

Мен осы құжатқа дауыс беруге дайынмын. Онымен президентке де баруға дайынмын. Мен Тимошенконы босатуға дауыс беремін, бірақ … егер ондай заңды Тимошенконы түрмеге отырғызған Инна Богословская ұсынса, — деді Герман.

Депутаттар арасындағы дауға бармаған спикер Владимир Рыбак мәселені дауысқа салды.

– «Қолдағандар» — 310. Шешім қабылданды, — деді ол дауыс беру қорытындысын жариялап.

Халық депутаттары бірін бірі құшақтап, құттықтауда».

Міне, осындай жағдай. Енді Владимир Соловьевтің Украинаның Жоғарғы Радасын, сондай-ақ іргесін Ресейден таулақ салып, Еуроодақпен ассоциацияға отырмақшы болған украин халқын фашистер  мен бандерошылдар деуі ғана қалды.

Шынында, егер ертең Украинаның жаңа басшылары өз державасының бірлігі мен тәуелсіздігін қорғап қалса, онда  қазаға ұшыраған ондаған украиндықтардың өлімі үшін қазіргі украин басшылығымен қатар Ресей Федерациясының басшысы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин де моральдық және қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма? Ол саясаткер ретінде Украинаны азамат соғысына дейін жеткізуге өз үлесін қосты емес пе?

Рубрика: