серик малеевАлғашқы Дүниежүзілік соғыс окоптарында отырғанда, одан кейін  әскерден қайтып, жеңіліс тапқан елге оралғанда көптеген немістер өздеріне сатқындық жасалды деп есептеді. Олардың пайымдауынша, елдегі еврейлер социалистік революция жасауға тырысып, соның салдарынан, Фатерлянд жеіліске ұшырады. Осылай өзінен өзі герман кекшілдігі (реваншизм) идеясы туындады ….

Ал міне, келесі ұқсас жағдай. Кеңестер одағы күйрегеннен кейін өздерін құрлықтың алтыншы бөлігінде әмірші сезініп, миллиондаған адамдардың тағдырын тәлкек қылған көптеген кешегі күш құрылымындағы шенділер мен партия жетекшілері қызметсіз қалып, өздеріне бөтен бөтен іс – кәсіпкерлікпен, Қытай тауаларын сатумен және рэкетпен айналысуға мәжбүр болды. Бірақ бәрі емес. Олардың ішінде орыс кекшілдігі идеясының бастауында тұрған берік патриоттар да болды. …

Иә, сол кездегі Ресей тап болған қиындықтардың бәріне, түптеп келгенде, Батыстың кінәлі екенін түпкілікті түсіну үшін ол уақытта жас Путиннің қанша ұйқысыз түндер, қаншама офицерлердің масаң дауларын өткергенін түсінуге болады.

КГБ қызметкері Путин, сірә, алып империя болған КСРО-ның күйреуіне шетелдегі «қалталылардың» қастандығы емес, одан да жоғарғы деңгейдегі жәйттер кінәлі екені туралы ойламаған да болар. Ал егер ойласа, «қылыш пен қалқан» ұйымындағы жолдастары оны дер кезінде түзетуші еді.

Дегенмен Одақтың күйреуінің артында коммунистік идеяның өзіне сенуден қалған миллиондаған адамдардың түңілуі тұрды.

Айтып айтпай не керек, егер өткен ғасырдағы жетпісінші жылдардың соңында еуропалық елдердерге барудан шаршаған КСРО-дағы коммунистік басшылықтың өзі марксистік–лениндік догматикалық ілімге сенуден қалса…

 

Орыс кекшілдерінің билікке келуі және олардың жеңілісі …

Бірақ ол өткен дүние, енді әңгеме басқа туралы. Көршілес Ресейде бас көтеріп келе жатқан орыс кекшілдігі және оның айқын жеңілістері хақында. Түптеп келгенде, олардың артында екінші Дүниежүзілік соғыстың соңында Гитлер басынан өткерген апаттан зор күйреу тұруы мүмкін.

Бүгінгі күні Ресей БАҚ-тары Путинді жер-көкке сыйғызбай мақтауда, олардың пайымдауынша, Путин шіріп жатқан Батыстың алдын орап, Сирияда жеңіске жетіпті-мыс.

Ал шын мәнінде, Сирияны Израильдің алдында қарусыздандырған Путин, АҚШ-тың сойылын соғуда. Енді таяу шығыстағы одақтасын болуы мүмкін химиялық шабуылдан құтқару үшін АҚШ-қа ақша шығарып, американдық сарбаздардың басын бәйгеге тігудің қажеті жоқ.

Атап айтарлығы, Сирияда еш нәрсе өзгерген жоқ. Ал егер батыс коалициясының елдері жаңа соғыс ашқысы келсе, сылтау жетіп жатыр. Айталық, Асад режимі кінәсі жоқ мыңдаған адамдарды қинап, өлтіріп жатыр деген айып тағуы мүмкін. Моральдық тұрғыдан ол орынды да.

Сонымен, шындап келгенде, Путиннің бұл «жеңісі» жеңіліспен пара пар.

Қысқасы, Путин, кейде оны Путлер деп атағанмен Гитлердің тырнағына да татымайды. Фюрер әлдеқайда ақылды және айлакер болған, десек те ол да ұзаққа шаппады.

Осы жерде мен Пусси Райт туралы айтқым келіп тұр. Путиннің кекшіл және ұсақ-түйекпен санасуға бейімді мінезі, оның өзінің жолында тұрған қарсыластарына сазайын  тартқызуды көксеуі,  қызбалығы, саяси соқырлығы кеше ғана ешкім білмеген қыздардың бүкіл әлемге әйгілі болуына әкеліп соқты. Оларды қудалап, қысым көрсете отырып, Путин еріксіз сол қыздардың продюсеріне айналып, бүкіл әлемді Ресейдің «дана»басшысының жұмыс кезінде қандай «ұлы» істер айналысып жатқанына назар аударуға мәжбүр етті.

Мен бұл жерде оның тырналармен бірге «тамаша» қалықтағанын еске алып отырған жоқпын. Осы әуе «сапарынан» кейін ол Ресей Федерациясының «Бірінші стерхы» деген жария емес атаққа ие болды. (Әрине, ол «бірінші ғарышкер» сияқты мақтанарлықтай атақ емес).

Ал енді Пусси Райттың қыздарына келер болсақ, мұнда қызық ұқсастық бар. Кеше ғана храмға келіп: «Құдай ана, Путинның көзін құртшы» деп, жалбарынған қыздар, енді  адам сенбес сынақтар мен мордова лагерлерінің тозағынан өтіп, еш нәрсеге мойымай, өздерінің көзқарастарын өзгертпей, қасиетті Құдай ананың қолындағы құдайлық міндетін  атқарып, жазалайтын қаруға айналғандай!

Барлығы Чеховтағыдай, «бірінші актіде қабырғада ілулі тұрған мылтық, төртінші акті де міндетті түрде атады». Міне, солай!

 

Путин олимпиадасы мен антипутиндік Украина…

Сочи олимпиадасына ең төменгі мөлшермен есептегеннің өзінде, Кремль басшылығы 50 миллиард еуро жұмсапты. Егер бүгінде планетадағы ең әдемі қалалардың бірі болып саналатын қазақ Астанасының құрылысына жұмсалған уақыт ішінде барлығы 40 миллиард еуро жұмсалғанын ескерсек, ақылға қонбайтын сома. Біз әлдеқайда аз жұмсадық. Алайда Астана түрлі жол айрықтары, жеті жүз мың тұрғыны, мейрамханалары мен кафелері, жаңа мөлтек аудандары, үкіметтік ұйымдар мен стадиондары бар қала, ал мұнда небәрі бірнеше олимпиадалық нысандар. Айырмашылығын байқайтын шығарсыздар. Бірақ әңгіме, тіпті, сыбайлас жемқорлық туралы емес, алайда цифрлардың қомақтылығына қарасаң, ол астрономиялық деңгейге дейін жеткен. Мәселе Ресей көшбасшысының олимпиадаға артқан үмітінде.

Ойлап қарасаң, олимпиада шет елдік қонақтарды таңдандыратын орасан жоба ретінде қарастырылған, сөйтіп, оларға, міне, қараңыздар Владимир Владимирович Путин басқарған Ресей аяғынан тік тұрып келеді деп, көрсету жоспарланған.

Одан кейін операторлар қажетті ракурста жарық, телевизия мамандары әдемі көріністерді түсіріп, журналистер ресейлік спортшылардың жеңістерін бүкіл әлемге паш етуші еді. Сөйтіп, диктатордың кезіндегі тамаша  табыс туралы аңыз шындыққа айналғандай болушы еді.

Бірақ олай болмайтын сыңайлы. Ештеңе шықпайды. Шамасы, олимпиадалық елу миллиард еуро желге ұшқандай. Ал оған кінәлі ресейліктер қорқатын дағыстандық содырлар, батыстың қаскүнем саясаткерлері емес, бәріне кінәлі, тағдыр тәлкегі іспетті, Путиннің өзі. Өйткені Ресей басшысы кезінде өзінің жан жағын жайпап, билікке жеткен сатысын өз қолымен қиратты.

Егер Путин украиндық тауарларды Ресей нарығына біресе жіберіп, біресе жібермей, кенеттен оны қомақты қаржы және арзан газбен сатып алмақшы болып, көршілес Украинаның ішкі ісіне араласпаса…. Қысқасы, бүгінгі Еуромайдан Ресей сыртқы саясатындағы ойланбай істеген істің, көршісін мұқатуға ұмтылыстың салдары. Сыртқы саясаттағы осындай орны толмас олқылықтың салдарынан соншама күш-қуат жұмсалған олимпиада Украинадағы наразылықтардың көлеңкесінде қалатын түрі бар.

Қазір көрші елдегі қызу оқиғалармен салыстырғанда, Олимпиада соншалықты қызықшылық тудыра қоймауы мүмкін. Сондай-ақ Жириновский және Ko сияқты саясаткерлер үміттенгендей, Украина бөлшектене қоймас. Қырым ешқашан ресейлік болмайды. Украиндық саясаткерлер ақылға қонымды ымыраға келетін болса. Шамасы, солай болатын сияқты. Алла жар болсын оларға.

Қысқасы, қайда бараса да Путиннің де, оның «кеңсесінің» де (КГБ) жолы болмай қойды. Путиннің іс күйреуге ұшырауда. Қаржы босқа шашылып (елу миллиард еуро оңай ақша емес), Олимпиада әкеледі деп үміттенген үгіт-насихатта іске аспай қалатын түрі бар. Оған ешқандай содырлардың қажеті жоқ. Оның үстіне, Ресейдің Украинамен жолы да айырылысатын сыңайлы. Ол бесенеден белгілі. Өйткені Украина халқы бәрін көріп, біліп отыр. Ал халық жақсыны да, жаманды да жадынан шығармайды.

 

Ресейдің қайта өрлеуі мүмкін.

Бірақ оған Путин толық жеңіліс тауып, биліктен кеткен соң қол жетеді …

Айтпақшы, ең сорақысы! Осының барлығынан кейін Ресейдің сыртқы істер министрі Лавров батыстық саясаткерлерге тәуелсіз Украинаның ішкі ісіне араспау жөнінде  өтініш жасады.

Бұл теңізден теніңізге дейін қайтадан құрылған қызыл империяны көксейтін орыс кекшілдерінің тағы бір ойсыраған жеңілісі.

Сонымен қатар, саясаттанушы Әзімбай Ғалидің пікіріне сілтеме жасағым келеді, ол Путиннің Мюнхендегі сөзінен кейін (Ресей көшбасшысы сөзінің барысында батыстың саясаткерлерін өз еліне қарсы қойды) туындаған ахуалды Екінші қырғи қабақ соғыс деп атуды ұсынды

Бұл соғыстың барысында біз Кремль кекшілдері өздерінің таяу шығыстағы одақтасын қарусыздандырып, Сирияны ашкөз көршілерінің талауына тастап, опасыздық жасағанын көріп отырмыз.

Кремльдік кекшілдер Грузия мен Молдовада ұтылды, бүгін Киевте жеңіліске ұшырап жатыр. Ақылсыздықтың салдарынан дарынсыз жеңіліс табуда.

Ары қарай не болмақ? Ары қарай Мәскеу.

Атап айтарлығы, Путиннің жеке жеңілісі орыс ұлтының жеңілісі емес. Дәлірек айтқанда, бәрі керісінше, Гитлермен болғандай болады. Фюрердің көзін құртады, ал елт қалпына келеді. Бірақ ол жаңа, демократиялық ел болады. Онда орыс фашист-кекшілдеріне, қызыл-қоңыр оранған коммунистерге орын болмайды. Ол елде адамгершілікке қарсы идеяларға тыйым салынады. Ол опықтан арылып, тәубеге келген және басқа адамзатпен қатар адымдаған жаңа Ресей болады. Осындай жаңарудан өткен Жапония мен Германия баршамыздың көз алдымызда

Аударған Қайрат Матреков

.

 

Рубрика: