серикАстанада мемлекет Басшысының қатысуымен Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісі болып өтті. Отырыс барысында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандардан Украинадағы жағдайға, оның Қазақстан экономикасына қалай әсер етуі мүмкіндігіне ерекше назар аударуды талап етті.

Батыстың Ресейге қарсы экономикалық санкция қолдану бойынша уәдеден іске көшуіне қарағанда, біз де зардап шегушілер қатарына қосылуымыз мүмкін. Осындай жағдайда Қазақстан мен Беларуське еуропалық елдер мен Америка Құрама Штатарын қосымша қоздыра бермей,  Еуразиялық одақ туралы келісімге қол қоюға асықпаған жөн.

Егер Ресеймен бірге экономикалық санкцияға ұрынсақ, бұл орыстардың жағдайын жақсарта қоймас. Осы орайда, үш мемлекетке де қазақтар мен беларустардың Ресей мен Батыс арасындағы сауда операцияларында тәуелсіз және бейтарап делдал болып қалғаны әлдеқайда тиімді.

 

Рубрика: