серикУкраинда болып жатқан оқиға сонау бір ғасырда ұлы Фирдуоси байқаған ақиқатты дәлелдеп отыр. Ал оның байқағаны:

– Халық деген кім?

– Халық — ол тобыр,

Шахтың артына керге топ маймыл.

– Иә, ол тобыр, шахтың артынан ерсе,

Ал ақиқат пен намыстың туын көтерсе,

Тобыр емес – батыр халық!

Януковичтің ең үлкен қатесі  – ол өз халқын дұрыс бағалай алмады. Ол орыс аюының құрсауынан құтылуға ұмтылған өз халқының наразылығына қарағанда, Реседен көбірек қауіптенді. Міне, бүгінгі толқулар соның нәтижесі. Енді Януковичтің саяси мансабы ақырына жетті деуге болады. Каддафидің кебін кимесе, игі еді.

Ал барлығы басқаша болуы мүмкін еді. Басқаша, Украинадағы  халық пен билік бір болғанда. Иә, қиын болушы еді, бірақ ел қазіргідей мүшкіл ахаулға тап болмаушы еді.

Ал басқа жағынан, бөтеннің қатесі – бізге сабақ. Менің ойымша, Аллах қазақтарды жақсы көреді, өйткені Еуромайдан арқылы бізге олардың неден айырылатынын көрсетіп отыр. Еңбастысы және қымбаты – Тәуелсіздіктен. Бүгінде «ЕАС» көптеген қазақстандықтардың ауызында балағат сөз ретінде естіледі, бұл көпшіліктің көңіл-күйін көрасетеді. Москваның Киевтің ісіне араласуы бізге ресейліктердің қандай тұншықтырғыш одақ дайындап қойғанын анық көрсетті. Тағы да барлығы баяғы бәз қалпында, империяның ұлы державалық құбыжығы бой көтеріп келеді. Енді ол ешқандай жасырынбай, қасқайып тұр.

Шынын айтқанда, тарих ресеймен жасалған одақ ешқашан қазақтарға жақсылық әкелмегендігін көрсетіп отыр. Егер патша кезінде қазақтардың жерін столыпиндік реформашылар тартып алса, кеңес кезеңіндегі ашаршылық, атушылық кезінде қазақтардың өмірін тартып ала бастады. Қазақтардың құнсызданғаны соншалық, олар өз жерінде аяусыз қанауға ұшырап, ұлттық намыстан айырылған азшылыққа айналды.

Сндықтан біз өзіміздің тәуелсізігіміз үшін күресуіміз керек. Өз абыройымыз  және намысымыз үшін күресуіміз керек. Ешқандай жат жерлік басқыншыға бағынбай өз елімізде еркін өмір сүру құқығы үшін күресуіміз керек. Халық пен оның көсемдері ел үшін осындай бетбұрсты кезеңде бірге болуы керек. Януковичтің қатесін қайталамау үшін элита өз халқына, ал халық «солтүстік келген күтпеген қнақтарды» асырамас үшін өзінің көшбасшыларына сенуі керек.

Президентті соңғы жолдауда үш рет тәуелсіздікке екпін беруі тегін емес, сонымен қатар ол егер басты құндылығымызды сақтай білсек, қандай бақытты ғұмыр кешетінімізді көп рет көрсетті. Ең баасты құндылығымыщ бен қастерлі дүниеміз, біздің тәуелсіздігімізді

Десек те? Енді бір жағынан, біз ещ нәрсенінің бекерден бекер келмейтінін түсінуіміз керек. Ноың үстіне, тәуелсіздік. Барлығы күреспен келеді. Мұны қазір Украинада орын алып отырған жағдай көрсетіп отыр.Ресей бізді экономикалық шаралармен бағындыруға тырысуы мүмкін. Біздің мұнайдың Еуропа нарығына шығу жолын кесіп тастауы мүмкін. Саяси арандатушылықтар ұйымдастыруы мүмкін. Біз осының бәріне дайын болуымыз керек.

Иә, бұл текетіресте біз бірнеше миллиард доллардан айырылуымыз мүмкін. Барлық қазақстандықтарға шаққанда, ол миллиардтар не болады? Бүкіл ел халқына. Мүмкін, әр қазақстандықтың рационы үш табақ көжеге азаяар. Біракқ біздің тәуелсідігіміз үш табақ көжеге татымай ма? Әркім осы сұраққа жауап іздеп көрсінші!

Рубрика: ,