серик малеевОрындалды, «алтынордалықтар» көптен бері айтып жүрген Ұлы Украин Революциясы жеңіске жетті! Ура, жолдастар! Біз бұлай дүниежүзілік революцияның көсемі Владимир Ильич Лениннің сөзін өзімізше қайталап отырмыз.

Сондай-ақ біз прогрессивтік күштер мен кері тартпа күштердің арасындағы текетіресте кімнің жеңіп кімнің жеңілгенін қорытындылаудамыз.

Бұл жерде біз үшін маңыздысы, қазірдің өзінде «Путин феномені» деп аталған дүние. Өйткені бұл саясатшы өзінің барлық бастамаларын Ресейге қоя алатын қабілетке, тіпті, дарынға ие деуге болады.

Өйткені оның істегеннің барлығы, түптеп келгенде, керісінше айналып, орыс халқына ауыр соққы болып тиюде. Міне, осы жерде ежелгі әдет бойынша сионистік пиғылдағы  «жидтарды» іздеу керек сиқты. Десекте, бүкіл Русьтен Владимир Владимирович Путиннен асқан орыс патриотын табу мүмкін емес шығар.

Ал бірақ оның істегенінің барлығы керісінше айналуда. Адамшылыққа жатпайды мұның барлығы!

Мәселен, Путин Украинаның Еуроодақпен ассоциасияға отырғаннан гөрі Ресеймен достасқанын қалайды. Осы мақсатын жүзеге асыру үшін көп күш жұмсады: алдымен Украинамен арадағы шекараны жауып, ел аумағына украин тауарларын кіргізбеуге тырысты, одан кейін ресейлік баспасөзді украин халқына қарсы айдап салып, ақпараттық соғыс ашты, Януковичтен күштік құрылымдарға Киев Майданына жиналған халықты күштеп таратуға бұйрық беруді талап етті.

Бірақ ол украин халқының құрметіне бөленбеді, қайта керісінше болды. Сондықтан бүгінгі таңда Украинада Ресей туралы ауыз ашпаған жөн. Мақтау тұрғысынан да бейтараптық тұрғыдан да, тек даттасаңыз болады.

Бүгінде Украинадағы халықтан  сұрап көріңізші, қай саясатшыны олар бәрінен жек көретінін …. Янукович бұл тізімде екінші тұр.

Ал Украинадағы жағдайды бүкіл өркениетті әлем, Батыс, Кедендік одаққа кірген қазақтар мен беларусстар, татарлар мен башқұрттар, шешендер мен ингуштар, дағыстандықтар мен буряттар бақылап отыр емес пе. Менің ойымша, ресейлік БАҚ беттері мен экрандарынан украиндықтарды қаралап, қырып жоюға шақырған шовинистік бейшаралық олардың барлығына бірдей ұнамаған болар.

Яғни, бұл бағытта да Путиннің командасы мен оның насихаты біраз нәрсені бүлдірді. Олар өз елдерінің онсыз да ұсқынсыз келбетін одан ары бүлдірді. Енді қазақтар: «Құдайым-ау! Мына Кедендік одақ пен Еуразиялық одақ арқылы біз қайда тап болдық? Егер досымыздың түрі осындай болса, жауымыздың қандай болғаны!»? деген ойға шомып, басын қатыруда.

 

Енді нәтижелер туралы.

Өзінің украиндық істерге араласуы, Украина Президенті Виктор Януковичке қысым көрсетуі арқылы Путин украиндықтардың Янекті  өз Отанына сатқындық жасады деп айыптап, президенттік лауазымнан айдап шығуына себепкер болды. Сірә, Путин мұны қаламаған болар.

Пан Янукович өзін әлі мемлекет басшысы санағанымен, енді оның Киевке оралып, дым болмағандай (сексен тоғыз адам өлтірілгеннен кейін), қайтадан ел басқаратынын көзге елестету мүмкін емес.

Шындап келсек, өзінің ар-намысын, беделін мүлдем жоғалтқысы келмесе, Янукович халқының алдында өзін өзі құрбандыққа шалуы керек. Алайда кешегі қылмыскердің бойында ондай жакештікке баратын ар-намыс қайдан болсын?

Кейбір сыбыстарға қарағанда, өзінің кешегі саяси саттелитінің жеңіліске ұшырағанына көңілі толмаған Путин, Януковичке өз елінен  саяси баспана беруден бас тартқан көрінеді.

Иә, бұл да сабақ! Сабақ болғанда қандай! Кремльде отырғандарға сенуге болмайтындығының көрнекті мысалы. Алдап, сатып кетеді..

 

Екінші нәтиже …

Тиран Путин украиндықтарға қаншама қысым көрсетіп, Украинаның Еуроодақпен ассоциацияға отыруына жол бергісі келмесе де, онысынан түк шықпады. Украин халқының өз таңдауы жолындағы жанталасқан күресі теледидар экрандарынан әлемге таратылып, Майданға шыққан украиндықтар планетадағы миллиардтаған адамдардың құрметіне бөленді. Бұл трендті Батыстағы саясатшылар да сезе қойды. Жақсылықпен аяқталатын кинофильмдердегідей, енді Батыс осындай табандылық танытқан украин халқына Еуроодақпен ассоциацияға отыру құқығын ғана емес, Еуропалық одақтың мүшелігін ұсынуға дайын. Мұны еркін Украинаның триумфы ретінда бағалауға болады. Бұл оның естен тандырарлық жеңісі.

Үшінші нәтиже.

Ол «Құбыжық пен сұлу» ертегісіндей. Ертегі былай басталған еді. Бірде мейірімсіз құбыжық қолаң шаш бұрымды сұлуды түрмеге қамайды. Мүмкін, сұлу үшін барлығы қайғылы аяқталар еді, бірақ іске «Пусси Райт» тобының кемеңгер продюссері Владимир Владимирович Путин араласып, заманауи ертегінің сюжетін әдемі шатастырғаны соншалық, сол мемлекеттің халқы құбыжыққа қарсы көтеріліп, сөйтіп, өздерінің сұлуы Юлия Тимошенконы қамаудан құтқарды! Көрдіңіз бе, қалай!!! Нағыз Оскар алатын сценарий.

Төртінші нәтиже.

Орыс халқы – ол, әрине, түрлі. Бірақ орыстар өздерін мазақтағанды ұнатпайды. Ал Путин бүгін дәл соны жүзеге асырып отыр. Ол кімге ұнайды дейсіз?

Екіншіден, мен орыстар бүкіл әлем өздерін зұлымдық империясындай қабылдағанын қаламайтын шығар деп, ойлаймын!

Ал елді қате жолмен бастаған басшыдан құтылудың жолын көрсеткен Майдан тәжірибесі алыс емес, жанымызда.

Тоқаштың тесігі

Сонымен ең соңғысы. Бүгінде Путин және оның командасы бүкіл әлемнің алдында Қырымды жекешелендіріп, иемденіп алмақшы! Жағдай, әрине, өте қауіпті. Бірақ барлығын өзіне қарсы қоюдың қас шебері Владимир Владимирович Путин бұл жолы да құр алақан қалатын сияқты. Капитан Жеглов айтқандай: «Шарапов емес, тоқаштың тесігі сендерге».

Рубрика: