серик малеевӨзіміздің өкімет бастамасының қашан осыншама көтеріңкі көңіл-күй тудырғаны, тіпті, есімде жоқ  Соңғы рет мұндай ахуал еліміздің егемендігі жарияланған кезде орын алған еді. Одан бері қанша уақыт өтті десеңізші!

Бүгін де дәл сондай көңіл-күй орын алуда. Украинадағы жағдайдан кейін Ресейдің сойылын соққан саясаткерлердің  Еуразиялық одақ туралы қыңыр әңгімелері, олардың Кремльдің нұсқауы және басшылығымен сепаратистік ойларын жүзеге асыруға талпыныстары орын алған осындай сын сағатта Қазақстан басшылығы республиканың экономикалық және саяси егемендігін қорғай ала ма, деген күдіктен кейін үміт оты жанды. Әрине, қорғаймыз. Әрине, берілмейміз.

Бұл Мемлекет Басшысы бастамасының басты нәтижесі. Сондай-ақ мен осы орайда туындаған «бұл алдамшы нұсқа» деген ойға мүлдем сенбеймін.  Яғни,  бәзбіреулер «осы бастамамен бізді алдаусыратып, «Қазақ Елін» Еуразиялық одаққа қосу арқылы егемендігінен  айырмақшы» дегенді алға тартады.

Менің ойымша, бұл осы мәселеге тым қарапайым, тым анайы көзқарас, бірақ, бақытымызға орай, олардың осындай пайымдауынан кейін жағдай солай бола қоймайды.

Егер бұрын еліміздің басшылығы миллиондаған қазақстандықтар сияқты Еуразиялық одақ бойынша тәтті қиялдың шырмауында болса, Украинада орын алған жағдайдан кейін ол сағым сияқты, қайта оралмайтындай, із-ссіз жоғалды.

Бүгін біз Ресейдің украин халқының тарихи көршілері Польшамен, Германиямен, Чехиямен, Австриямен және Франциямен жақындасуына қарсы шығып, оның жігерін басуға деген ұмтылысын көріп отырмыз.

Біз Кремльдің егемен мемлекеттің ішкі ісіне ашық араласуының куәгеріміз.

Осылайша, «қамқоршы ананың» кейіпін киген Ресей, Украинаға кіммен достасып, кімнен іргесін аулақ салу бойынша жөн сілтемекші.

Егер Европа сенімнен айырылған «жаман дос» іспетті болса, бір сәрі ғой.

Ал шын мәнінде, бәрі керісінше емес пе. Бүгін бүкіл әлем Ресейге ашуға мінсе, кез келген сәтте қарсыласына пышақ ала жүгіретін қызба, ызақор басбұзардай қауіптене қарайды.

Ал Ресей қызбалыққа жиі салынуда. Соңғы уақытта кез келген себеп-салдар бойынша ашуға мінетінді шығарды. Біресе, ол кенет латыштардың шпроттарын ұнатпай қалса, енді бірде грузин шараптарынан басбұзардың жүйкесі жұқара бастайды.

Қазақ — ақымақ емес. 

Ресейліктердің өздерінің империалистік арам пиғылдарында қаншалықта алысқа баратынын қазақтар бүгін көріп отыр. Біз олардың еш нәрсенің алдында тоқтамайтындығын көріп отырмыз. Қажет болса, олар Украинаны бөлшектемек. Мұндай болашақ бізді шын мәнінде қорқытады.

Енді, Еуразиялық одақтың Ресей үшін, ең алдымен, шын мәнінде саяси жоба екенінде күмән жоқ. Ол бұрынғы империяны қалпына келтіруге бағытталған жоба. Бүгін біз соның дәлелін көріп отырмыз. Ал бізге ол қажет емес. Біздің ата-бабаларымыз құлдықтың қамытын қайтадан киуіміз үшін күреспеген шығар.

Осыдан жаңа отаршылдыққа апаратын Еуразиялық одаққа балама ретінде ерікті және тәуелсіз «Қазақ Елі» идеясы туындап отыр. Мұны біз нақты әрі анық түсінуіміз керек.

Осы орйда, бір нәрсе ғана түсініксіз — неге бізге мемлекет Басшысының бастамасын талқылауды ұсынып отыр, өйткені КО және ЕАО туралы келісімдер ешқандай талқылаусыз қабылданды емес пе?

Ел азаматтарының басым көпшілігі еліміздің жаңа атауы  — «Қазақ Елін» қуана қолдауда.

Ал қазақтарды саяси кіріптарлыққа итермелейтін, әрі ел арасында онша танымал емес ЕАО идеясын халық талқылауына салып, қажет болса, жалпыхалықтық референдумға шығарған жөн.

Сонымен, бізде неге керісінше жасалады? Ең алдымен ЕАО одақ бойынша референдум өткізейік. Халық өзі шешсін, бізге ондай ұйым қажет пе, кіреміз бе оған, әлде кірмейміз бе?

Ал «Қазақ Елі» бойынша бәрі түсінікті. Бұл жерде екі пікірдің болуы мүмкін емес. Барлық тараптар атынан айтылған пікірлерді ескере отырып, ел атауын өзгерту керек.

Ал енді хаттамасыз бір-екі сөз.

Егер бізде ортақ валюта – рубль болса, Еуразиялық экономикалық одақ тақырыбын талқылаған кезде бұл жөнінде әңгіме болған еді, онда казақтар бастарын көкке көтеріп, өздерінің табысының азайып бара жатқанын, доллармен және еуромен салыстырғанда,  рубльдің екпінді арзандағанын бақылаушы еді.

Егер бізде бірыңғай Еуразиялық парламент болғанда, кезінде Ресей тарапы осыған көндіргісі келген еді, онда бүгін орыстар бастаған қазақтар дұшпандық ниеттегі Батыс мемлекеттерінің қоршауында қалар еді.

Егер … Қысқасы, осы тиянақсыз «егерлердің» жүзеге аспағаны жөн болды. Сөйтіп, қазақтар кезекті рет көрші мемлекеттегі «тамаша достарымыз» құрған көптеген қапқандарды айналып өте алды.

Аударған Қайрат Матреков

Рубрика: