АЛТЫНОРДА
Новости

Семірмес үшін қандай мамандық таңдау керек?

Ғалымдардың айтуынша, әдетте инженерлер мен мұғалімдердің ағзасы тез семіруге бейім болады екен. Мұндай зерттеуді CareerBuilder JobSearch компаниясының мамандары жүргізді.Олардың сөзіне сенсек, әлемдегі барлық мамандықтарды аздыратын және семіртетін деп екіге бөлуге болады.

Зерттеушілердің сауалнамасына 3700 адам қатысқан. Олардың жартысынан астамы артық салмақтан құтыла алмай жүргендер. Қықсасы, зерттеудің нәтижесі мынадай болып отыр: Директордың көмекшісінде семіру қаупі — 69 пайыз; инженерде — 56 пайыз; мұғалімдер мен медбикелерде — 51 пайыз; заңгерде — 45 пайыз, ғалымда — 39 пайыз.

Сұралған азаматтардың 56 пайызы семіздіктің басты себебін бір орыннан қозғалмай жұмыс істеудің кесірінен деп көрсеткен. Өзге себептердің қатарында: күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, әріптестердің қысымы секілді жайттар бар.

Айта кетейік, зерттеуге қатысқан жандардың тек 16 пайызы ғана өз жұмыстарынан азатындықтарын айтқан.

BAQ.kz 


 

http://www.bnews.kz/