АЛТЫНОРДА
Новости

Рим Папасы исламмен жақындасуға шақырды

2590AE68-141F-4862-81A7-EA43573B696F_w308_r1Рим Папасы Франциск католиктерді кедейлікпен күреске көңіл бөлуге, папалық институтын реформалауға шақырды. 26 қарашада жарияланған оның мәлімдемесінде «Ватиканның шектен тыс орталықтанып кетуі шіркеу өмірін қиындатып жіберетіні» айтылған.

Рим Папасы православиенің билікті орталықсыздандыратын синодтық жүйесі Ватиканды реформалауда үлгі бола алатынын айтып, исламмен жақындасудың «маңызы үлкен» екенін мәлімдеген.

Франциск бұған қоса «католиктер мұсылман елдерінде өздеріне қандай құрмет көрсетілгенін қаласа, иммигрант мұсылмандарды да сондай құрметпен қабылдауы тиіс» екенін де айтқан.

Бірақ, понтифик католик шіркеуінде әйелдердің діни қызмет атқаруына тыйым салынуы «талқыланбайтын мәселе» екенін және католиктер абортқа қатысты ұстанымдарын «өзгерте алмайтынын» ескерткен.

Биыл наурызда Папа болып сайланғалы бері 76 жастағы Францисклибералдық ұстанымдарын жиі білдіріп, ақпарат құралдарының назарына көп ілігіп жүр.

 

http://www.azattyq.org