АЛТЫНОРДА
Новости

Ресей Қазақстанмен шекарада әскери жаттығу өткізбек

Ресей қарулы күштері қыркүйек айында Алтай өңірінде, Қазақстан шекарасына жақын аймақта үлкен әскери жаттығу өткізбекші. Бұл туралы Ресей стратегиялық мақсаттағы зымыран күштері қолбасшылығының өкіліне сілтеме жасаған ресейлік «РИА Новости» агенттігі хабарлады.

Жаттығуға стратегиялық мақсаттағы зымыран күштері, әскери авиация, төрт мыңнан аса әскери қызметші мен сарбаз және 400-ге тарта техника қатыспақшы.

Әскери жаттығу кезінде қарулы күштер диверсиялық топтарға қарсы іс-қимыл мен жоғары дәлдіктегі қару соққысын тойтаруға машықтанады деп хабарланды.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140903/330/330.html?id=26564445