30 мая, 2015 Comments Off on Р.Отарбаевтың шығармасы бойынша «Қазына» телехикаясы түсіріл

Р.Отарбаевтың шығармасы бойынша «Қазына» телехикаясы түсіріл

134116052 маусым күні жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін жаңа, 16 бөлімнен тұратын «Қазына» телехикаясы «Қазақстан» телеарнасының эфиріне шығады. Жобаның сюжеті танымал жазушы-драматург, “Парасат” орденінің иегері Рақымжан Отарбаевтың «Жұмбақтау қазынасы» кітабына негізделген және отанына оралған қазақ жайында баяндалады. Хикаяда қоғамда кеңінен етек жайған нашақорлық, Ауғанстаннан Еуропаға тасымалданатын есірткі бизнесі туралы да сөз болады.c3f728143786addb37806ec88ce62287Сюжет желісі бойынша, қуғын-сүргін заманында басқа елге ауып кеткен ауған қазағы Али (Жандос Айбасов) тарихи Отанына оралады. Қиын-қыстау заманында ата-бабалары «Жұмбақтау» баурайында қазына жасырып кеткен. Сол уақыттан бері Алидің ешқандай арғы-тегі бұл байлыққа қол жеткізе алмаған. Атасы өлер алдында басты кейіпкерге осы туралы айтып, дүниені мұқтаж жандарға бөліп беруін тапсырады. Әрі қарай сюжет қазыналы байлық іздеудегі қазақ баласы жайында өрбиді. Оған жету долында басты кейіпкер Гаухар есімді махаббатын (Мақпал Исабекова) кезіктіріп, қызметін адал атқаратын Азамат Айталиев деген офицермен (Ерік Жолжақсынов) дос болады.Ендеше, жіберіп алмаңыздар! 2 маусым күні сағат 21.50-де «Қазақстан» телеарнасында режиссер Әнуар Райнбековтың «Қазына» телехикаясының тұсаукесері.«. Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan
Загрузка...

Комментирование закрыто.