Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз мәслихаты өтіп жатқан Халықаралық сауда орталығының маңында бірнеше қоғамдық белсенді ұсталды.

“Выставочная” метро станциясынан шыққан бір топ адамға полицейлер келіп, шара келісілген-келісілмегенін сұрады. Кейін екі әскери көлік келіп, 20 адамды ұстап әкетті. Ішінде бір журналист бар” деп хабарлады оқиғаны көрген Meduza сайтының тілшісі.

Баспасөз мәслихаты алдында ресейлік журналист Евгений Левкович Facebook парақшасында: “Путинге сұрақ қоюға бара жатырмыз. Бірақ ол көп сұрақтарға жауап бермейді. Себебі ол сұрақтар қойылмайды” деп жазған.

Бір жыл бұрын Левкович пен бірнеше әріптесін Владимир Путиннің баспасөз мәслихатының алдында полицейлер ұстап әкеткен еді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141218/330/330.html?id=26750453

Рубрика: