АЛТЫНОРДА
Новости

Президенттікке үміткерлердің үгіт-насихаты басталды

Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны ресми түрде басталды.

Орталық сайлау комиссиясы бұған дейін президенттікке кандидат ретінде үш үміткер – «Нұр Отан» партиясы ұсынған қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан коммунистік халықтық партиясынан Тұрғын Сыздықов пен өзін-өзі ұсынған, Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайыновты ресми тіркеген. Кандидаттарды тіркеу кеше аяқталған.

Сайлау алды үгіт-насихат науқаны сайлауға бір күн қалғанда аяқталады.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 26-сына белгіленген.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26921398