АЛТЫНОРДА
Новости

Прагада анти-исламдық және оған қарсы акциялар өтті

Чехия астанасы Прага қаласында жұма күні бірнеше жүз адам исламға қарсы ұранмен өткен шеруге қатысқан. Жиналғандар алдында чех саясаткерлері – популистік «Усвит» партиясы төрағасының орынбасары Марек Чернох, оңшыл Азаматтық демократиялық партиясы өкілі Яна Чернохова сөйлеген.

Жиында сөйлеген кейбір адамдар Чехияда исламның таралуына қарсылық білдіріп, «чех дәстүрін ислам ықпалынан қорғауға» шақырған. Шеруге шыққандардың қолында исламға қарсы ұрандар жазылған плакаттар болған.

Прагада осы жиын өтіп жатқан сәтте оған таяу жерде бұған қарсы шара ұйымдастырылған. Расизм мен ксенофобияны айыптаған ол акцияға жиырмаға жуық адам қатысқан.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150117/330/330.html?id=26798742