АЛТЫНОРДА
Новости

Польшада Освенцим жабылған күнді атап өтіп жатыр

Польшада бүгін совет әскерінің нацистердің бұрынғы концентрациялық Освенцим лагерін азат еткеніне 70 жыл толғанын атап өтіп жатыр. Лагерьдің жабылуын еске алу шараларына Освенцимде тұтқында болғандар да қатысады деп жоспарланған.

Германия канцлері Ангела Меркель 26 қаңтар күні Берлинде Освенцимнің азат етілген күніне орай өткен шарада Холокост қырғыны куәгерлері алдында сөйлеп: «Германияда еврейлердің қауіп-қатерге ұшырап, зорлық-зомбылық, зәбір көргені ұят әрі масқара оқиға болды» деп мәлімдеді.

Меркель Освенцим қырғынын мысалға алып, таяуда Германиядағы мұсылмандарға қарсы наразылық танытқандарға қарата: «Біз мұнда тұрақтанып, пана тапқандарға қарсы өшпенділікке толы ұрандарды естігіміз келмейді» деді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150127/330/330.html?id=26815300