Пекин. 19 наурыз. Baq.kz – Пекин қаласында ҚХР СІМ Консулдық департаментінің қолдауымен ҚХР-дағы ҚР Елшілігі ұйымдастырған қазақстандық-қытайлық визалық конференция болып өтті. 

ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, іс-шара барысында Елшіліктің консулдық бөлім қызметкерлері ҚР визаларын беру, шетелдіктердің ҚР аумағында болу ережелеріне қатысты презентация өткізіп, конференция қатысушыларын Консулдық бөлімнің виза рәсімдеу тәртібімен таныстырды.
Конференцияға Қытай мемлекеттік мекемелерінің, іскерлік ассоциацияларының, банкілерінің, сондай-ақ, ҚР аумағында инвесторлық іс-шараларымен айналысатын қытайлық ірі компаниялардың өкілдері қатысты.
Презентациядан кейін қазақстандық дипломаттар шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

http://baq.kz/kk/news/44883

Рубрика: