def061003204e279eaad8c12d963d72d30 қарашада «Қазақстан» ОКЗ танымал француз әншісі Патрисия Каастың концерті өтеді. Концерт Францияның Қазақстандағы жылы аясында ұйымдастырылады. Бұл туралы Астана қаласы Мәдениет басқармасы хабарлап отыр.

«Патрисия көрермендер назарына әйгілі француз орындаушысы Пиафты еске алуға арналған «Kaas chante Piaf» (Каас Пиафты орындайды) атты думанын ұсынады. Бағдарламаға тыңдармандар сүйіп тыңдайтын Padam-Padam, Je T’ai Dans La Peau әндері, сонымен қатар, орыс тіліндегі «Ты не позвонишь», «Мне нравится, что Вы больны не мной» және т.б. композициялар енген», – делінген хабарламада.

Патрисия Каас – француз әншісі және актриса, әлемдік эстрада жұлдызы, «World Music Awards» наградасының иегері, Францияның үздік дауысы.

Еске салайық, Патрисия Каастың концерті 30 қарашада «Қазақстан» ОҚЗ-да Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

baq.kz

Рубрика: