е32Отаны бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Ал біздің бес миллионнан аса қандастарымыз басқа елдерде өмір сүріп жатыр. Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясында Үкіметке 2013 жылы Көші-қон мәселелерін шешу жөнінде кешенді жоспар әзірледі.

346380cca935ab1f89178e4e38530a1a.JPG

Уәлихан ҚАЛИЖАН, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры:

–Қазақстанға көші-қон мәселесін қайта қарап, жаңғырту өте-мөте қажет. Өйткені Елбасы айтқандай, жер бетіндегі қазақтардың бір ғана Отаны бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Ал біздің бес миллионнан аса қандастарымыз басқа елдерде өмір сүріп жатыр. Сондықтан да болар, Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясында Үкіметке 2013 жылы Көші-қон мәселелерін шешу жөнінде кешенді жоспар әзірлеп, бекітуді тапсырды. Енді осы міндетті тиянақты жүзеге асырып, абыроймен орындау керек. Осы мақсатта Көші-қон комитеті Ішкі істер министрлігінен қайтадан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзырына берілді. Арнайы агенттік бола ма, әлде осы министрлік құрамындағы Көші-қон комитеті болып қала ма, мәселе Қазақстан заңдарына сәйкес, ішкі, әсіресе, сырттан келетін қандастарымыздың көшіп, қоныстануын жүйелі де тиімді жүргізіп, Елбасы тапсырмасын абыроймен орындауда. Кезінде агенттік те болды, бірақ кемшіліктер аз болмады. Енді солардан қорытынды шығарып, ел мүддесі, ұлт мүддесі тұрғысынан бұл маңызды мәселені ұтымды ұйымдастыру жолдары мен тетіктерін үлкен жауапкершілікпен тиянақты жүзеге асыру қажет.

4842cb81899221b1801dda61b4a9ac3d.JPG

Ботакөз УАТҚАН, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі:

– ХХ ғасырдың басында 4 миллионды құрап, арада 100 жыл өткенде енді ғана ел аумағындағы қазақтардың саны 11 миллионға жеткен Қазақстан үшін, сырттағы 5 миллионнан аса қазақтың басым бөлігін елге шақырмай, демографиялық, сондай-ақ ұлттық даму мәселесін ұнамды әрі тиімді шешу мүмкін емес. Оның үстіне өңірлердің даму тұрғысынан да жұмыс күштерін оңтайлы орналастыру үшін бізге арнайы көші-қон агенттігі керек-ақ. Бізден аумағы анағұрлым кіші Әзірбайжанда тіпті министрлік бар көрінеді. Онда 300 адам жұмыс істейді екен. Сондай-ақ халқының саны 72 миллионнан асатын Түркияның көші-қон жөніндегі арнайы үкіметтік құрылымы бар, онда 450 адам қызмет етеді. Бізде де ішкі, әсіресе, сырттан көшіп қоныстанатын отандастарымызды мемлекет және ұлт мүддесіне орай орнықты орналастыру үшін арнайы агенттік керек. Тіпті министрлік болса да артықтық етпейді.

83d518d49e1232e4c8b7c5b3c90db797.JPG

Құрметбек САНСЫЗБАЙ, Алматы облыстық көші-қон басқармасының қызметкері:

–«Халықтың көші-қоны туралы» заң тек оралмандар емес, бүкіл ел мүддесіне қажетті заң екеніне ерекше мән беріп, көші-қон үрдісі бойынша Президент саясатын жүйелі жүзеге асыру мақсатында Елбасыға тікелей бағынатын құзырлы орталық құруды өмірдің өзі талап етіп тұр. Өйткені жері кең, халқы аз, табиғи байлыққа тұнып тұрған біздің еліміздің экономикалық, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан да біз үшін демографиялық саясатты пәрменді де жедел жүргізу аса маңызды мемлекеттік мәселе. Ал оны көші-қонды дұрыс жүргізбей, халықтың өсуіне жағдай жасамай жүргізу мүмкін емес. Сондықтан дәл бүгінгі күні тек осы іспен айналысатын арнайы құзырлы орган аса қажет.

“Айқын” газетi

Рубрика: