АЛТЫНОРДА
Новости

«Оскар 2015» жүлдесінің иегерлері

Күні кеше Лос-Анджелес қаласында әйгілі «Оскар» жүлдесінің 87-ші марапаттауы өтті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Стивен Хокинг әлемі/The Theory of Everything» фильмінде ойнаған Эдди Редмейн «Үздік актер» аталымының жүлдегері атанды. Ал «Үздік актриса» жүлдесінің иегері «Әлі де Элис/Still Alice”фильмінде ойнаған Джулианна Мур болды.

Алехандро Гонсалеса Иньярритудің «Бердмен» фильмі «Үздік фильм» аталымымен қоса «Үздік сценарий», «Үздік оператор», «Үздік режиссер» аталымдарының жүлдегері атанғанын айтқан едік.

«Оскар 2015» жүлдегерлерінің толық тізімі:

«Үздік фильм» — «Бердмэн»

«Үздік режиссер» — Алехандро Гонсалес Иньярриту  – «Бердмэн»

«Үздік актриса» — Джулианна Мур — Әлі де Элис/Still Alice”

«Үздік актер» — Эдди Редмэйн — «Стивен Хокинг әлемі/The Theory of Everything»

«Екінші пландағы үздік актер» — Дж.К.Симмонс — «Ынталану/Whiplash«

«Екінші пландағы үздік актриса» — Патриция Аркетт  — «Балдәурен/Boyhood”

«Үздік оператор» — Эммануэль Любецки – «Бердмэн»

«Шет тіліндегі үздік фильм» — «Ида»

«Үздік адаптацияланған сценарий» — «Имитация ойыны/The Imitation Game»

«Үздік оригиналды сценарий» — «Бердмэн»

«Костюмдердің үздік дизайні» — «Гранд Будапешт» қонақүйі/The Grand Budapest Hotel»

«Үздік грим мен шаш үлгісі» — «Гранд Будапешт» қонақүйі/The Grand Budapest Hotel»

«Үздік визуалды эффект» — «Интерстеллар»

«Үздік суретші-қоюшы» — «Гранд Будапешт» қонақүйі/The Grand Budapest Hotel»

«Үздік анимациялық фильм» — «Ержүректілер қаласы/Big Hero 6»

«Үздік деректі фильм» — «Азамат 4/Citizenfour»

«Үздік монтаж» — «Ынталану/Whiplash«

«Үздік қысқаметражды анимациялық фильм» — «Пир/feast«

«Үздік қысқаметражды деректі фильм» — «Ардагерлерге арналған сенім телефоны/Crisis Hotline: Veterans Press 1»

«Үздік дыбыс монтажы» — «Снайпер»

«Үздік дыбыс» — «Ынталану/Whiplash«

«Үздік әуен» — «Сельма»

«Үздік саундтрек» — «Гранд Будапешт» қонақүйі/The Grand Budapest Hotel»

Міне, «Оскар» жүлдесінің 2015 жылғы иегерлері сізге де таныс болды. Сіз бұлардың қайсысын көрдіңіз? Оларды аталымына лайық деп танисыз ба?

http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/kino/25826/