к243Голливудтың продюсері Линда Обст алдағы 10 жыл ішінде америкалық кино қаһармандарының ұлттық-идеологиялық жағынан өзгеретінін мәлімдеді. Бұдан былай орыстар мен қытайлар жағымсыз кейіпкерлер қатарынан шығарылады.

Бұл туралы Utro.ru хабарлайды. Мелод­рама мен комедия жанрында еңбек етіп жүр­ген белгілі продюсер енді АҚШ кинематог­рафында «нашар жігіт» образы басқа халықтардан жасалатынын айтты. Обстың сөзіне қарағанда, осы кезге дейін болған «жа­ғым­сыз орыстар» мен «жағымсыз қытайлық­тар» солтүстіккореялық кейіпкермен ауысты­рылуы мүмкін. Образдардың өзгеруіне 2020 жылға қарай Ресей мен Қытайдың Голливуд үшін басты нарыққа айналуы себеп.

 

http://alashainasy.kz/world/43613/

Рубрика: