434_2b05770e8ab98fff282a6ea7359ae6efАстана. 13 қыркүйек. Baq.kz – Қалалық Достық үйінде Орыс әлеуметтік-мәдени орталығы және «Ертіс шамшырақтары» әдеби бірлестігі бірлесіп «Орыс тілі күнін» өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

   Іс-шара ауызша журнал түрінде өткізілді. Оған М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенттері және Семей өңірінің ақындары қатысқан.

   Достық үйінің әдіскері С. Ешімова: «Ауызша журнал 2 беттен тұрды. Біріншісі – «Орыс тілін ұлықтаймын» деп аталса, екіншісі орыс тілі жөнінде қалам қозғаған ақындардың өлеңдеріне арналды», – дейді.
   Ұйымдастырушылар іс-шараны қорытындылай келе, жұртшылықты орыс тілінде дұрыс сөйлеуге, нормативтік емес лексиканы пайдаланбай, тілдің классикалық түрінде сөйлеп, шетелдік сөздерді араластырудан аулақ болуға шақырды.

Рубрика: