08 апреля, 2014 Нет комментариев

Оралды баптистер басып барады

Дін атын жамылған секталар мыңдаған адамның санасын шырмауда. Жиған-тергенін айтпағанда отбасы мен Отаны секілді ең қастерліұғымдардан безіндіруде. Қазақстанда  бұл әрекетке тоқтам салу үшін “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Заң қабылданды. Заңға сәйкес бейбіт тірлікті құптайтын, экстремистік пиғылды көздемейтін діни ұйымдар мен бірлестіктер тіркеуден өтті. Бірақ үй ішінен үй тігіп, өзім білемдікке салынып жатқандары да жоқ емес. Орал қаласындағы Көкшетау көшесі 5-үйде орналасқан өздерін “Евангелистік христиан баптистер шіркеулер кеңесі” деп атайтын күмәнді ұйым солардың бірі. «Алаш айнасы» интернет-газетінің тілшісі өңірдегі баптистердің аяқ алысын байқап көрген еді.

Таяуда құрамында Батыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және журналистер бар топ рейдтік сапармен осы мекенжайда болды. Биік көк дуалмен қоршалған үйдің іші әндетіп отырған адамдарға толы. Бұл жерде еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін жүр. Осы жерден 36 ересек адам, 26 баланы санадық. 12 бала мектепке дейінгі жаста екен. Лауазымды тұлғалардың заңды талабына бағынғысы келмеген баптистер түскі сағат 12.00-ге дейін әндерін үзбей отырып алды. Бұл ән өздерінің пікірінше құлшылық ету. “Құдайымыз Иса пайғамбар, ол жақында жерге түседі, бізді жұмаққа қаралды. Бізбен бірге болмағандар тозақ отыра күйеді” деп жалғаса беретін сектанттардың кезекші сандырағы бұл жерде де анық көрініп тұр. Өзін Кенжетай деп таныстырған қауым мүшесі бізді қарғап-сілеп, дереу үйден кетуімізді талап етті. “Ислам маған ештеңе берген жоқ. Жаныма тыныштықты тек осы жерден таптым. Көзімді ашқан Исаға мың-сан шүкір” деп сандырақтайды жат ағыммен санасы әбден уланған әлгі бейбақ. Жалпы байқағанымыз мұндағылардың жүзінде эмоция аз, зомбиланып кеткендей әсер қалдырды. Соған қарамастан ұйымда конспирация тәртібі қатаң сақталатыны да байқалды. Себебі бақылаушы органдар тарапынан тексеріс тудырмас үшін не жетекшісі, не рухани қөсемі жоқ. Болса да айтпайды. Ұйымды тіркетуді тіпті ойламайды да. Жыл басынан бері арнайы белгіленген орыннан тыс жерде, заңсыз құлшылық ету фактілеріне байланысты қауымның бірнеше мүшесіне қатысты әкімшіліқ хаттама толтырылып,миллиондаған теңге айыппұл салынса да, оны төлеуге талпынып жатқан жан баласы жоқ.

Саламат Жұмағұлов, БҚО дін істері басқармасының бас маманы:

Осы заңсыз ұйымның заңсыз діни жоралғы жасаумен айналысқанына бірнеше жыл болды. Өздеріңіз көргендей бұлар тіркелгісі келмейді. Осыған байланысты жыл басынан бері біздің басқарма мен құқық қорғау органдары бірлесіп, ресми тіркелмеген “Евангелистік христиан баптистер” қауымдастығының мүшелеріне қатысты ҚР Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы заңының 374-1 бабы 1-бөлімі және 357-бабының 1-бөлімі бойынша 37 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын толтырдық. Барлығы 3 млн. теңгеден аса сомаға айыппұл салдық. Бірақ ол айыппұлдарды қазір ешкім төлемей отыр. Алдағы уақытта заңсыз әрекеттер тиылмаса заңмен қаралған өзге де мәжбүрлеу шаралары қолданылатын болады.

Діни қауымдастықтың әрекетіне көршілері де қарсы. “114” қауырт желісіне баптистердің діни әдебиеттерді заңсыз таратқандығы туралы шағым түскен. Осы Көкшетау көшесінің тұрғыны Ольга Неплях та аталған жайларды растады. “Баптистер менің екі баламды сектаға тартпақ болып, қолдарына діни әдебиеттер ұстатқан. Осы үйге көлік көп келеді. Әсіресе сәрсенбі мен жексенбіде кешкі 23.00-ден кейің құлағымызға тыныштық жоқ. Кіреді-шығады, ән салады, кішкентай сәбилерін көк ала қойдай қылып сабап жатады. Біздің сұрайтынымыз – осы сектаны жабу керек”, – дейді Ольга.

Рейд соңында бірнеше қауым мүшесіне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Автор: Тоқтар Кенжеғалиев, Орал

http://alashainasy.kz/

Загрузка...

Добавить комментарий

You must be logged in to post a comment.