21 октября, 2015 Нет комментариев

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА «ҚАЗЫНА» ЭТНО-ТАРИХИ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

222Бүгін, 21 қазан күні Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте «Қазына» этно-тарихи кешені ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары А.Мырзахметов, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Ш.Мырзахметов және ОҚО әкімі Б.Атамқұлов пен бірқатар зиялы қауым өкілдерім мен жастар қатысты. Сонымен қатар, кешен төрінен орын тепкен «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументі, «Ұлы Жібек жолы» сәулеттік композициясы және ғұламалардың нақыл сөздері жазылған «Даналар өсиеті» мен 27 тарихи-сәулеттік ескерткіштің шағын макеті де пайдалануға берілді. «Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтары ретінде Астана мен Алматы қалаларымен қатар, Шымкент қаласын да атап көрсеткен болатын. Бұл қалалар халықтың және инвестициялардың шоғырлану орталықтарына айналып, сапалы білім беру, медицина, әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетуі тиіс деген талаптар қойылған», – деді нысанның ашылуында сөз алған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары А.Мырзахметов. Бүгінгі ашылып отырған «Қазына» этно-тарихи кешенінің құрылысы 2012 жылы басталып қазіргі таңда аяқталды. Жалпы аумағы 76,4 гектарды құрайтын кешен тарихи және мәдени-сауықтыру бөліктерінен тұрады. Тарихи бөлігінде этносаябақ, «Қазақ хандығына 550 жыл» монументі, «Бәйдібек» ескерткіші, 27 тарихи-сәулеттік ескерткіштердің макеті, «Ұлы жібек жолы» сәулеттік композициясы, даналар сөзі орналасса, мәдени-сауықтыру бөлігінде тарихи-өлкетану мұражайы, әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен «Наурыз» алаңы, жайлаукөл, қазақ ауылы және ипподром бар. Этносаябақтың көрікті жерлерін аралау үшін жаяу жүргіншілерге арналған 2450 м. аяқ жол қарастырылған. Саябақтың басты аллеясы «Бәйдібек» ескерткішінен бастап «Наурыз» алаңына дейінгі аралықта ұзындығы 460 м. 7 ротонда, диаметрі – 20 метр болатын 1 фонтан, биіктігі – 6 м, ұзындығы – 11 метрлі 2 сарқырама және 157 автокөлікке арналған тұрақ қарастырылған. Шаһар келбетін айшықтайтын сәулеттік жобаның ашылуында мәртебелі меймандар облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан бастап Қазақ хандығының 550 жылдығы монументіне дейін қойылған қолөнер мен қылқалам шеберлерінің көрмесін тамашалады.

http://www.ontustik.gov.kz/

Загрузка...

Добавить комментарий

You must be logged in to post a comment.