04 ноября, 2015 Comments Off on «ОҢАЙДЫҢ» ТЕРМИНАЛЫН ШАҒЫП КЕТТІ

«ОҢАЙДЫҢ» ТЕРМИНАЛЫН ШАҒЫП КЕТТІ

563860e6c89adСЖ_10Алматыда жеке автопаркке тиесілі жолаушы тасымалдайтын автобуста жаңадан енгізілген «Оңай» жол жүру терминалының қасақана сындырылғандығы анықталды. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Алматы қ. көлік Холдингі» ЖШС-ы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға «Киікбай» ЖШС-ға тиесілі №13-ші бағытта жүретін автобустың салонында 1-ші қараша күні болған. Осыған байланысты «Көлік картасы» ЖШС қызметкерлері акт толтырып, оған «CVB24 master жүйесі механикалық сипатта бүлінген, ал LCD дисплей сыныдырылған. Қондырғы енді іске жарамсыз», - екендігі жазылды.

«Электронды билет жүйесінің жұмысына қажетті жабдықтың сақталуына тасымалдаушылар жауап береді. Осы мақсатта материалдық жауапкершілік жөніндегі келісімшартқа қоса, қабылдау-тапсыру актісі толтырылған. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр»,  - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне берген түсініктемесінде «Алматы қ. көлік Холдингі» ЖШС қызметкері Эльмира Киргеева.

Айта кетелік, CVB24 master, яғни «Оңай» терминалының бағасы - 232 873,49 теңге, ал монтаждау бағасы  - 51 544,13 теңге тұрады.

Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда Алматы қаласының бүкіл жерүсті қоғамдық көліктері электронды билет беру жүйесімен жасақталған. 

«Қамшы» сілтейді

Загрузка...

Комментирование закрыто.