АЛТЫНОРДА
Иносми

Оқушыларға қылышпен шабуыл жасаған жігіт жан тапсырды

8fd4c2138816c7fc14d137c9fce4afcd_LШвецияның Тролльхеттан қаласындағы мектепте қылышпен шабуыл жасаған 21 жастағы жігіт ауруханада жан тапсырды. Бетперде киген қаскөй 5 адамды жаралаған. Олардың екеуі – оқытушы мен жасөспірім. Олар алған жарақаттарынан кейін ауруханада көз жұмды. Тағы бір оқушы ауыр халде. Дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін күресіп жатыр. Мектеп оқушылары бетіне бетперде үстіне қара киім жамылып, қолына қылыш ұстаған бұл қаскөйді алғашында әзілдеп жүрген біреу деп ойлап, онымен суретке түспек те болған. Полиция қаскүнемді оқ атып жарақаттап барып, қолға түсірді. Жеке басы әлі анықталған жоқ

http://24.kz/