16 октября, 2015 Comments Off on ОҚО-ДАҒЫ ТУРИЗМДІ НАСИХАТТАУШЫ ҮЗДІК БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ОҚО-ДАҒЫ ТУРИЗМДІ НАСИХАТТАУШЫ ҮЗДІК БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

img_4606Оңтүстік Қазақстан облысының туристік жерлері мен әсем табиғатын кеңінен насихаттап, қоғамды ақпараттандыруда өңірдің үздік тілшілері анықталды. Облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы ұйымдастырған «Оңтүстік Қазақстан облысының туризмін дамыту әлеуеті» облыстық байқауының жеңімпаздары телеарнадағы «Ең үздік бейне көрсетілім», баспа беттеріндегі «Ең үздік мақала» және интернет-ресурстарындағы «Ең үздік жарияланым» аталымдары бойынша марапатталды. Байқауға облыстағы негізгі БАҚ өкілдері қатысып, 20 шақты жұмыс ұсынылған болатын. Нәтижесінде, «Ең үздік бейне көрсетілім» аталымы бойынша бірінші жүлделі орынды «ТВК» телеарнасы алса, екінші жүлделі орынға «Тұран ТВ» телеарнасы лайықты деп табылды. Ал жүлделі үшінші орын «Айғақ» телеарнасына бұйырды. «Ең үздік мақала» аталымы бойынша бірінші орынға «Панорама Шымкента» газеті шықса, екінші орынға «Южный Казахстан» газеті, үшінші орынға «Оңтүстік Қазақстан»  газеттері ие болды. Сонымен қатар, интернет-ресурстарындағы «Ең үздік жарияланым» аталымының жүлделі бірінші орын «Тұран ТВ» телеарнасының сайтына, екінші орын «Қазақстан - Шымкент» телеарнасының сайтына, ал үшінші орын «Kaztimes.com» ақпараттық порталына тапсырылды. Байқау жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар табысталып, салтанатты түрде марапатталды.

Айта кетсек, облыс көлемінде жұмыс жүргізіп жатқан 236 бұхаралық ақпарат құралдары бар. Оның 175-і газет, 37-сі журнал, 12-сі телеарна болса, 3-і радио және 9 интернет сайт.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Загрузка...

Комментирование закрыто.