02 ноября, 2015 Comments Off on ОҚО-ДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ КЕСТЕГЕ САЙ ЖҮРУДЕ

ОҚО-ДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ КЕСТЕГЕ САЙ ЖҮРУДЕ

_oko6467 Шымкент қаласында бүгінгі күнге көпқабатты тұрғын үйлердің 81 пайызы жылуға қосылған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ОҚО филиалында өткен брифингте қала әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Әбдінұров мәлімдеді. Оның айтуынша қаладағы 1762 тұрғын үйдің 1427-сі орталық жылумен қамтылған. Ал қалған 335 үйлер 10-қарашаға дейін кестеге сәйкес толық қосылады. Бұдан бөлек, қаладағы білім, спорт, денсаулық пен мәдениет және басқа әлеуметтік нысандар жылумен 100 пайыз қамтылған. Осы жылдың 2 қарашасына келіп түскен мәлімет бойынша облыстағы 3256 бюджеттік мекемелерге толық жылу берілген. Сонымен қатар, Арыс, Түркістан қалалары мен Отырар, Сарыағаш, Созақ, Төле би, Түлкібас аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлер жылумен толық қамтылса, Кентаудағы 327 үйдің 250-і жылуға қосылған. Кеншілер қаласындағы үйлерге кестеге сәйкес 4 қараша күні толығымен жылу беріледі деп жоспарлануда.

http://ontustik.gov.kz/

Загрузка...

Комментирование закрыто.