02 ноября, 2015 Comments Off on ОҚО-ДА ЖИЫН-ТЕРІМ НАУҚАНЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРУДЕ

ОҚО-ДА ЖИЫН-ТЕРІМ НАУҚАНЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРУДЕ

2015-11-02_13.32.02 Облыста күріш дақылын 3,2 мың га алқапта ору жұмыстары толық аяқталып, гектарына 54 центнерден, барлығы 17,3 мың тонна күріш шалысы жиналды. Күзгі егін жинау жұмыстарына Үкімет тарапынан 44,7 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда (2014 ж. - 39,0 мың тн) 5,7 мың тоннаға артты. Бүгінгі күнге агроқұрылымдарға 42,5 мың тонна жанар-май (95%) таратылды. Ағымдағы жылы 265,3 мың тонна (2014 ж – 320,7 мың тонна) шитті мақта жинау межеленіп, бүгінге 219,4 мың тонна шит немесе межеленген көлемнің 82,7% (2014 ж – 63,4%) жиналды. 2016 жылдың өніміне межеленген 122,0 мың га күздіктің 112,2 мың га (92 %) егілді. Облыс тауарөндірушілері егіске қажетті 28,0 мың тонна тұқыммен толық (100%) қамтамасыз етілген. Анықтама: ҚР АШМ күздікті егу тапсырмасы 122,0 мың га, нақты егілгені 112,2 мың га (92%) Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша күздікті 165,0 мың га егу жоспарланған, нақты егілгені 112,2 мың га (68%)

http://ontustik.gov.kz/

Загрузка...

Комментирование закрыто.