20 октября, 2015 Comments Off on ОҚО-ДА ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ӨЗГЕШЕ ФОРМАТТА ҚОЙЫЛЫМ ҰСЫНБАҚ

ОҚО-ДА ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ӨЗГЕШЕ ФОРМАТТА ҚОЙЫЛЫМ ҰСЫНБАҚ

5555Оңтүстік Қазақстандағы Ж.Шанин атындағы Академиялық қазақ драма театрында Б.Абдураззаковтың «Әйел сыры» сахналық новелласының премьерасы өтеді. Аталған қойылым көрермендерге жаңаша форматта ұсынылмақ. Туындының ерекшелігі шығарманы сахна төрінде тамашалап,  оқиға ішінде жүргендей әсер алуға болады. 

«Әйелсіз өмір – айсыз түн...» демекші, сұлулық пен ұлылықтың символына айналған әйелдеріміздің бүгінде күйі қандай? Әйелдерімізді қадірлеп жүрміз бе?..Міне, әйел жаны сан-алуан апаттардан жанталаса күреспен қайта жанданып, қиындықтан арпалыса шығатынына куәгер болғыңыз келсе - 21-22 қазан күндері өтетін «Әйел сыры» сахналық новелласынан сан-алуан сұрақтың жауабын бірге іздеуге шақырамыз.

Қоюшы режиссер – театрдың көркемдік жетекшісі, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Қуандық Қасымов.

Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.

Басталуы: сағ.19.00 Анықтама тел. 29-38-58, 27-91-82.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Загрузка...

Комментирование закрыто.