14 октября, 2015 Comments Off on ОҚО ӘКІМІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН СОЗАҚ АУДАНЫНА БАРДЫ

ОҚО ӘКІМІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН СОЗАҚ АУДАНЫНА БАРДЫ


dsc_0016Бүгін, 14 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Созақ ауданына жұмыс сапарымен барып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты. Алпыс мыңнан астам халқы бар Теріскейдегі бірқатар нысандарды аралап, өзекті мәселелер бойынша тапсырмалар берді.

ОҚО әкімі, ең алдымен, Аққолтық ауылындағы Ш.Уәлиханов мектебінің жаңадан салынып жатқан ғимаратының құрылысымен танысты. Іргетасы 1973 жылы қаланған ескі мектептің тозығы жеткен болатын. 250 балаға шақталған, үш ауысымда білім беретін аудандағы жалғыз білім ордасының жаңа ғимаратының құрылысы осы жылдың шілде айында басталған. Нысанға облыс бюджетінен 395 миллион теңге қаралып, бүгінге дейін бұл соманың 150 миллион теңгесі игеріліпті. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, сапасын бақылаған өңір басшысы жаңа ғимараттағы спорт залының шатырын жыл соңына дейін бітіру керегін айтып, жауаптыларға тағы да 50 миллион теңге бөлуді тапсырды. Жаңа мектепті 2016 жылы пайдалануға  беру жоспарланып отыр.

Жалпы, Созақ ауданында биыл төрт мектептің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілсе, тағы үш білім ошағының құрылысы жүргізіліп жатыр. Аудандағы «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ басшылығы 2006-2013 жылдар аралығында өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін әлеуметтік нысандар салуға 2 миллиард 800 миллион теңге бөлген.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Загрузка...

Комментирование закрыто.