18 июня, 2014 Comments Off on ОЙЫН ТАҒДЫРЫН ОЙЫНШЫЛАР ЕМЕС, ТӨРЕШІЛЕР ШЕШУДЕ…

ОЙЫН ТАҒДЫРЫН ОЙЫНШЫЛАР ЕМЕС, ТӨРЕШІЛЕР ШЕШУДЕ…

akinfeev_2014_06_18Міне, 4 жылдан бері күткен Бразилиядағы футболдан әлем чемпионаты да басталды. Жалауын көтерген біріншіліктің бір аптасы артта қалды. Осы күндер ішінде талай жанкүйерлер өз эмоциоларына ерік бергені анық. Өйткені, біз күтпеген нәтижелер тіркелуде. Төрешілердің өрескел қателіктері де кездесіп жатыр. Бұдан бөлек, кубоктан басты үміткер құрамалардың топтық кезеңде-ақ бір-бірімен кездесуі көпшіліктің назарын өздеріне аударғаны сөзсіз. Иә, өз кезегінде біз де аталған «футбол спектаклінен» ерекше әсер алудамыз. Сол себепті, артта қалған бір аптаның ішіндегі ойындардың бірсыпырасына тоқталып өтуді жөн көрдік.Бразилияның аяқ алысы алаңдатарлықтайЕң алдымен, Сан Паулудағы «Коринтианс» аренасына тоқталатынымыз анық. Себебі, 12-мамыр күні аталған біріншіліктің шымылдығы осы алаңда ашылды. Чемпионаттың алғашқы ойынын Бразилия мен Хорватия құрамалары бастап берді. Кездесу басталар тұста екі елдің әнұраны шырқалды. Сол мезетте Бразилияның әнұраны шырқалып біткесін, оны әрмен қарай құрама ойыншылар жанды дауыста жалғастырып кетті. Бұларға стадионға жиналған жергілікті жанкүйерлер де қосылды. Нәтижесінде шырқалған хордан «Коринтианс» алаңы тербеліп жатқандай әсер қалдырды.Сонымен не керек, ХХ-шы әлем чемпионаты сол мезет старт алды. Әрине, қос команда алғашқы минуттарда шабуыл өтіне ашық шыға қоймады. Мұны түсінуге болатын. Өйткені, оларды бүкіл әлемнің қадалған көздері мыстарын басып тұрғаны анық еді. Дегенмен, кездесудегі алғашқы гол көп күттірмей 11-ші минутта-ақ қақпадан табылды. Марсело Виейра қанаттан келген допты байқаусызда өз қақпасына бағыттады. Сөйтіп, Хорватия құрамасы алға шықты. Ал, бразилиялықтар осы голдан кейін естерін жия бастады. Нәтижесінде, кездесудің 29-шы минутында 22 метрден 22 жасарлық ойыншысы Неймар соққы жасады. Соққы голға айналып, есеп теңесті. Сол сәтте алаңдағы жанкүйерлердің дүмпуінен бөлек, стадионның арғы жағындағы 20-30 этаждық үйлердің төбесінен от шашулар атылып жатты.Бірінші бөлім осылай тең есеппен аяқталды. Барлық қызық екінші бөлімде басталды. Атап айтсақ, кездесудің 70-ші минутында хорватиялық қорғаушы өз қақпасының алдында бразиялиялық шабуылшы Фредке ойын тәртібін бұзғандай болды. Бұзғандай болды деуімізге де себеп бар. Өйткені, бұл жерде шабуылшының «әртістік» қабілеті басым түсті. Қысқасы, жапониялық төреші Юити Нисумура 11 метрді белгіледі. Бұл мүмкіндіктен Бразилияның үкілеп отырған ойыншысы Неймар мүлт кетпеді. Неймар пенальти орындап жатқанда, бұрынғы бразилиялық атақты футболшы Кака оны видеоға түсіріп жатқан болатын. Кім біледі, мүмкін Каканың ойында Роналдо мен Клозелердің бомбардирлік жолдарын жалғастырушысы Неймар болады деген үміттің оты тұтанған шығар. Өз кезегінде Оскар да қарап қалмады. Ол ойын аяқталар тұста есепті 3:1-ге жеткізіп, кездесуге нүкте қойды. Нидерланды кеткен есені қайтарды Иә, расымен Нидерланды 2010 жылы жеңілген есені қайтарыммен қайтарып алғандай. Естеріңізде болса, ХІХ-шы әлем чемпионатында Нидерланды финалда Испаниядан жеңілген болатын. Ал, бүгін «қызғалдақтар» елінің бағы жанды. Әрине, бұл финал емес. Әйткенмен, «финалға бергісіз» ойын болды. Ширатып айтсақ, ең бірінші голды испаниялықтар 27-ші минутта ұрды. Олардың қақпаға қарай бет алған ойыншысы Диего Коста тәртіпсіздікпен тоқтатылды. Нәтижесінде, Хави Алонсо 11 метрліктен есеп ашты. Сол күні испаниялықтар ойынның 40-шы минутына дейін өз дегендерінен жаңылмады. Ал, әрмен қарай нидерландықтардың «футбол спектаклі» басталды. Яғни, кездесудің 44-ші минутында Робин Ван Перси айып алаңына бағытталған допты баспен ұрып есепті теңестірді. Оның голы өте әсерлі болды. Сөйтіп, бірінші бөлім осылай тең есеппен аяқталды. Екінші таймда да бірінші бөлімнің спектаклі өз жалғасын тапты. Ең алдымен, кездесудің 53-ші минутында Арьен Роббен өз құрамасын алға алып шықты. Осы ойыншы 2010 жылғы финалда Икер Касилеспен жекпе-жек шығып, қақпашыдан айласын асыра алмаған болатын. Ал бүгін бір емес, екі доп соқты. Екінші голын ұрар сәтте, тіпті Икер Касилиспен ойнап жүргендей әсер қалдырды. Яғни, сол 2010 жылдан көңілінде қалып кеткен қаншалықты «өкініштің» бар екенін осылай көрсеткісі келгендей. Бұл голдардан бөлек Стефан де Врей мен Робин Ван Перси гол салды. Нәтижесінде есеп 5:1 болып аяқталды. Нұрғазы САСАЕВ, "Алаш айнасы" газетінің Спорт бөлімі редакторы:Қазіргі Бразилия құрамасы өз тарихындағы ең осалы болып тұр- Қандай спорт түрі болмасын, тіпті Олимпиада ойындарында да, дүбірлі додақожайындарын «қолтығынан демеп» жіберу болады ғой. Мұны өз басым жергілікті халықтың көңіл-күйін көтеріп, рухтандырумен қатар ұйымдастырушылардың төккен терлері мен ерен еңбектерін бағалау болып табылады деп түсінемін.Ал, биылғы Бразилияның жағдайы тіптен бөлек. Бразилия халқы өз елдерінде әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарын өткізуге - басыбайлы қарсы. Ереуілге шығып, наразылықтарын білдіріп те жүр. Егер Бразилия құрамасы жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанса, толқыған, ашынған халық сабаларына түсіп, қуанышқа кенеліп, азын-аулақ уақыт болсын, бәрін де ұмытар ма еді...Ал футболшылары жеңіліп қалса, одан сайын ашуға булығып, дүрлігіп кетуі де ғажап емес... Сондықтан ФИФА осының бәрін елеп-екшеп, саралап отырғандай. Бразилия құрамасы Хорватиямен кездескенде ойын тағдырын күдікті пенальти шешті. Ол, ол ма, Хорватияның бас бапкерінің пікірінше, үшінші гол соғылғанда, бразилиялықтар ойын ережесін бұзған.Ал, екінші ойында пенальти берілген жоқ. Бірақ жанкешті Мексика жігіттерін бразилиялықтар шалып шығып, ойын ережесін өрескел бұзып отырса да, бас төреші «сары қағазға» «сараңдық» танытты. Тіпті Бразилия құрамасының капитаны Тиагу Сильва Мексиканың шабуылшысы «Чичаритоны» ту сыртынан «орып» түсіргенде, ескерту жасап, «сары қазазбен» шектелді...Әлем чемпионатын сонау бала кезімнен, 1978 жылғы бүкіләлемдік додадан бері қадағалап, мүмкіндігінше теледидардан тамашалап келемін. Осы жылдар ішінде дәл қазіргі Бразилия құрамасы өз тарихындағы ең осалы деп ойлаймын.Мен «биылғы әлем чемпионатында төрешілер Бразилия құрамасын қолтығынан демеп, білдіртпей жебеп, болысатын шығар» деп, осы мундиаль басталмай жатып ойлаған едім... Дүрәлі ДҮЙСЕБАЙ, "Sport"-"Спорт" газеттерінің бас редакторы:Нидерланды футболшыларының қарқыны қатты- Жалпы чемпионат өте қызықты басталды. Тосын да оқиғаларға бай. Жұртшылық, алдымен, әлемнің бес дүркін чемпиондары, алаң иелері Бразилиядан үміт күтті. Хорватияны жеңгеннен кейін де бұл үміт үзіле қойған жоқ. Өзіне тән ойынын көрсете алмаса да. Кешегі Мексикамен болған кездесу күдік ұялатқан да секілді. Бірақ, өз елінде өтіп жатқан соң Бразилия құрамасы басты фаворит болып қала береді. Қолынан чемпиондық билікті әлі түсіре қоймаған Испаниядан да әлі үміт бар. Нидерландыдан күйрей ұтылса да. Мұндай жағдай 2010 жылы ОАР-де өткен әлем чемпионатында басынан өткен Испания құрамасының Ел есінде болса, алғашқы ойында Швейцария құрамасынан сүрінген испандықтар ақтық бәсекеде кешегі қатаң қарсыласын ұтып, әлем чемпионы атанған. Кім білсін, алда әлі ойын бар. Испания өз бабына енер, қарымта қайтарар деген ойдамыз. Өйткені, алғашқы ойын оларға сабақ болды. Яғни, олардың Нидерландыға қарсы тактикасы дұрыс болмады. Олар тым «тым әдемі» ойнап кетті. Қарсыластары сияқты «бұзып-жарып» ойнау керек еді. Алайда, расымен қазір Нидерланды футболшыларының қарқыны қатты. Әлем чемпионын беташар ойында тас-талқан қылып ұтқаны соның айғағы. Бірақ ешқашан неміс машинасын, француз командасын назардан қалдыруға болмайды. Сонымен әлемдік тәждан негізгі үміткерлер Бразилия, Голландия, Германия және Испания құрамалары. Италия, Франция, Аргентина және Мексика да қарап қалмас деп ойлаймын.Бұдан бөлек, төрешілер жайлы айтып өтсем. Мен Нидерланды мен Испания, Бразилия мен Хорватия ойындары кезіндегі айып добы дұрыс белгіленді деп ойлаймын. Оны қайталап көрсеткенде анық байқалды. Жалпы жанкүйерлердің бәрі сауатты емес, сауатты болғанның өзінде эмоцияға беріледі. Алаңда кәсіби қазы - төреші жүр ғой. Оның басы екеу емес. Футбол ойнаған адам жақсы біледі: дриблингі бар, техникасы шебер жылдам футблшыны құлату оңай. Сонай бір қимыл үстінде сәл тартып қалсаң немесе тірсегіне, тобығына аяғың тиіп кетсе мұрттай ұшыру қиын емес. Баяғыда Е.Пехлеваниди, Ю.Газзаев, В.Гуцаев секілді әбжіл де шалт қимылдайтын футболшылар көп таяқ жейтін. Кейбіреулер оларды әдейі құлайтын стимулятор, яғни "әртіс" санайтын. Шындығында олай еме. Қимыл үстіндегі ондай футболшыларды жай ұстау қиын. Сондықтан, етегінен тартып немесе тірсегінен қағып бір-ақ тоқтататын. Әлгі екі жағдай соған дәлел. Әрине, төреші құдай емес бәрін бірдей көретін. Қателіктер кетіп жатады. Енді ол бөлек әңгіме.Әділхан АБАЙҰЛЫhttp://zhebe.com/
Загрузка...

Комментирование закрыто.