АЛТЫНОРДА
Новости

Нығматулин мен Нарышкин парламентаралық келісім жайын талқылады

параАстана. 28 қараша. Baq.kz — Бүгінде Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан парламентаралық жиын барысында ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ресейлік әріптесі Сергей Нарышкинмен кездесіп, парламентаралық келісім жайын талқылады.

Нығматулин Нарышкинді Ресей Конституциясының 20 жылдығымен құттықтай отырып, бұл датаның РФ үшін маңызды оқиға орын алған күн деп атады. Өйткені, осынау құжатты қабылдай отырып Ресей демократиның беки түсуіне және дамуына мүмкіндік туғызды. Ал, Парламент Мәжілісі мен Мемлекеттік Дума арасындағы қатынас та дәл осындай жолмен тұрақты түрде дамитын болады деді Нұрлан Зайроллаұлы.
Әңгіме барысында төрағалардың пікірлері бір жерден шықты. Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың бірден-бір кепілі — екі ел басшыларының XXI ғасырдағы достастық жайындағы келісімге қол қоюы. Маңызды құжатта Ресей мен Қазақстанның алдағы уақытта бірлесе атқаратын жұмыстарының барлығы анық көрсетілген.
Айта кетейік, Ресейдің Мемлекеттік Думасы мен Парламент Мәжілісі өкілдерінің арасындағы кезекті кездесу қаңтар айында Мәскеуде өткізілмек.

http://baq.kz/kk/news/39994