29 апреля, 2015 Comments Off on Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына ант беріп, ресми қызметіне кірісті

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына ант беріп, ресми қызметіне кірісті

скачанные файлы (1)Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қайта сайланған Президенті ретінде ант беріп, президенттік кәулігін алды, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы.Залға алдымен Қазақстанның Туы мен Президент штандарты кіргізілді. Осыдан кейін мемлекеттік күзет қызметінің сарбаздары Ата заңымыз - Конституцияны әкеліп, ант беру тұғырына қондырды. Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадан кортежбен келіп, Тәуелсіздік сарайына кірді. Осы кезде зеңбіректерден залп берілді. Ал залға кірген кезде "Елім менің" әні шырқалды. Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов заңның қайтадан сайланған Президентке қатысты талаптарын қысқаша таныстырығаннан кейін Н.Назарбаев ресми түрде ант берді. Ол Ата заңымыз - Конституцияға оң қолын қойып: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп ант берді. Осыдан кейін қайта сайланған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Туын сүйді. Ал Әнұран шырқалғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов қайта сайланған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн салтанатты түрде тапсырды.Айта кетейік, осы жолғы президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев барлық дауыстардың 97,75 пайызын жинап, бірінші сайлаудағы жетістігін қайталады. Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметіне сәйкес, ол 8 миллион 833 мың 250 дауыс жинады. Бұл - барлық дауыстардың 97,75 пайызы. Осы орайда айта кеткен жөн, 1991 жылы болған алғашқы сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев дауыстың 98,78 пайызын жинаған болатын. 1999 жылы 79,78 пайызға ие болса, 2005 жылғы сайлауда - 91,15 пайыз, ал соңғы 2011 жылы сәуірдің 3-і күні өткен президенттік сайлауда 95,5 пайызбен жеңіске жеткен болатын. Осымен бесінші рет өткен президенттік додада Назарбаев 98 пайызға жуық дауыс жинап, алғашқы сайлаудың жетістігін қайталап отыр.Автор: Арман АСҚАРhttp://alashainasy.kz/
Загрузка...

Комментирование закрыто.