АЛТЫНОРДА
Новости

Назарбаев жәрдемақының бақуатты адамдарға берілмеуі керек екенін айтты

©Tengrinews.kzНазарбаев жәрдемақының бақуатты адамдарға берілмеуі керек. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметпен кеңес отырысында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы қаражатты тиімді жұмсамау оқиғаларының байқалып отырғанын, мұны болдырмау қажеттігін айтты.

«Атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалылар мен тұрмысы төмендерге арналған жәрдемақы бақуатты адамдарға берілмеуі керек. Басты міндет — дағдарыстан қарапайым адамдардың жапа шекпеуін қамтамасыз ету. Мемлекет сауын сиыр емес», — деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті жағдай осылай өрбитінін еліміздің болжағанын және жағымсыз құбылыстарды еңсеру үшін тиісті шаралар әзірленгенін айтты.

«Нұрлы жол» бағдарламасы елдің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын құруға бағытталған, оның бүкіл экономикаға мультипликативтік әсері болады. Сонымен қатар, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 75 нысан іске қосылуы тиіс, олардың негізінде 7500 жаңа жұмыс орны құрылады» — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда күрделі үрдістерді еңсеруге мүмкіндік беретін қажетті резервтің бәрі бар екенін атап өтті. «Барлық қиындықтарға қарамастан, біз 2014 жылды 4,3 пайыздық өсіммен аяқтадық. Бұл қазіргі жағдайда жаман көрсеткіш емес деп ойлаймын. Ресейдегі және Еуропадағы ахуалдың өрбуін де бақылап отыру қажет. Халық табысының төмендеуі, көрші мемлекеттердегі әлеуметтік шиеленістің күшеюі бізге де әсер етуі мүмкін. Біз бұған жол бермеуге тиіспіз», — деді Қазақстан Президенті.

Ол жылдың негізгі қорытындыларын Үкіметтің кеңейтілген отырысында шығарылатынын айтты. Ол кезге қарай Үкіметте ахуалдың өрістеуінің барлық ықтимал жағдайына арналған нақты жоспар дайын болуы тиіс деп санайды. Соңында Мемлекет басшысы ел ішіндегі маңызды жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қаржыландырудың негізгі көздері былтырғы жылы-ақ айқындалғанына тоқталды. Үкімет пен оның әрбір мүшесі жұмыстың тиімділігі мен қаражаттың жұмсалуын бақылауға жауапты болады, — деді Мемлекет басшысы.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/alash/nazarbaev-jardemakyinyin-bakuattyi-adamdarga-berlmeu-kerek-ekenn-ayttyi-61066/

материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі