«ҚР-дағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, ҚР-да мемлекеттік мереке болып табылатын Наурыз мейрамында қазақстандықтар 5 күн демалады.

Заңның 3 бабына сәйкес, мемлекеттік мереке – Наурыз мейрамы Қазақстанда наурыздың 21-інен бастап 23-іне дейін атап өтіледі. Мереке күні 23 наурыздан дүйсенбі – 25 наурызға ауыстырылады.

«Демалыс және мереке күндері сәйкес келгенде мереке күнінен кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып саналады», – делінген «ҚР-дағы мерекелер туралы» заңның 5 бабында.

Осылайша, Наурыз мерекесінде қазақстандықтар  наурыздың 21-інен 25-іне дейін, яғни 5 күн демалатын болады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

 

http://massaget.kz

Рубрика: