АЛТЫНОРДА
Новости шоу бизнеса

«МузАрт» тобы халыққа тосын сый жасады

20151227190540«МузАрт» тобы көрермендеріне күтпеген сый жасады. Әйгілі топ қазақ эстрадасының тарихында тұңғыш рет ұялы қондырғыларға арналған альбом шығарды.

Қазақ әншілерінің мұндай жаңашылдығы туралы аталмыш топтың солисі Сәкен Майғазиев тыңдармандарға әлеуметтік желіде жариялады.

«Достар, «МузАрт» тобының «Ұлы дала» атты ұялы қондырғыларға арналған альбомын ұсынып жатырмыз! Қазақстанда алғаш рет шығып жатқан осындай smart альбом келешекте еліміздің музыка индустриясын заманға сай өзгертеді деп сенеміз. App Store және Play Market-тен жүктеңіздер!» — деп жазады топтың әншісі Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында.

http://www.inform.kz/