02 апреля, 2015 Comments Off on «МУЗ-ТВ 2015 Жүлдесі» шеңберінде «Қазақстанның Үздік жыл әртісі» анықталады

«МУЗ-ТВ 2015 Жүлдесі» шеңберінде «Қазақстанның Үздік жыл әртісі» анықталады

prepiya_kaz_1«МУЗ-ТВ 2015.Гравитация жүлдесіне» көрермендердің және академиктердің дауыс беруі ресми түрде басталды.Естеріңізге сала кетейік, «МУЗ-ТВ» сыйлығы өткізіліп келе жатқан 12 жыл ішінде алғаш рет Астанада өтеді. «Қазақстан» республикалық телерадиокрпорациясы Қазақстан аумағында «МУЗ-ТВ 2015»» дәстүрлі Сыйлықты тікелей эфирде көрсететін болады.Бұл туралы 19 ақпанда журналистерге арналған баспасөз маслихатында «МУЗ-ТВ» арнасының Бас директоры және «МУЗ-ТВ» Сыйлығының директоры Арман Дәулетияров мәлімдеді. «МУЗ-ТВ 2015. Гравитация» сыйлығы 5 маусымда елорданың ең үлкен алаңдарының бірі – 35 000 адам сиятын «Астана Арена» стадионында өтеді.«МУЗ-ТВ 2015. Гравитация» жүлдесінің номинанттарына дауыс беру екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде сарапшылардың дауыс беруі арқылы әр бір категорияда бес номинант анықталды. Екінші кезеңде әрбір номинациядағы жеңімпаздарға дауыс беруге «МУЗ-ТВ» арнасының көрермендері және Жүлденің академиктері қатысады.Сарапшылар мен академиктер ретінде музыка индустриясының және шоу-бизнестің жетекші қайраткерлері қатысады. «МУЗ-ТВ 2015. Гравитация жүлдесінің» жеңімпаздары 5 маусым күні жарияланады.Бұдан басқа осы жылы номинациялар саны да артты. Әдеттегі 11 номинацияның орнына 14 болады. Енді «Үздік әйел бейнесі», «Үздік ер адам бейнесі» және «Үздік шетел тіліндегі ән» номинациялары үшін дауыс беруге болады. Сонымен қатар, осы жолғы Сыйлықтың Астанада өткізілуіне орай «МУЗ-ТВ» телеарнасы «Қазақстанның Үздік жыл әртісі» арнайы номинациясын жариялауға шешім қабылдады.«Үздік ер орындаушы» номинациясына Дима Билан, Филипп Киркоров, Сергей Лазарев, Валерий Меладзе мен Григорий Лепс ұсынылған. «Үздік әйел орындаушы» номинациясында Ани Лорак, Полина Гагарина, Нюша, Вера Брежнева мен Елка ұсынылған. Үздік поп-группа» номинациясында А-Студио", "Банд'Эрос", ""Дискотека авария", "Градусы", "Серебро" ұсынылған. "Жыл жаңалығы» номинациясында Егор Крид, M-band, Никита Пресняков пен Multiverse тобы, Наргиз, IOWA ұсынылған. Сонымен қатар қосымша «Үздік альбом», «Үздік хип-хоп жоба», «Үздік рок-тобы», «Үздік ерлер бейнесі», «Үздік концерттік шоу», «Үздік бейне» номинациялары бар. http://premia.muz-tv.ru/voting/«МУЗ-ТВ 2015. Гравитация» Сыйлығы – бұл екі бауырлас елдің музыкалық мәдениетін біріктіру және тарту амалы. Сыйлықтың атауын «Гравитация» деп таңдау кездейсоқ емес, осы жылы рәсімнің көрермендері мен телекөрермендері алдында мүлде бірегей көрініс орын алады: жаңа және ультрасәнді технологиялар, нағыз және есте қалатын нөмірлер. Гравитацияға әркім ұшырайды!4 маусым күні Астананың орталық алаңдарының бірінде отандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен кең ауқымды музыкалық оқиға орын алады - open air шарасы өткізіледі. Оны да «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирден көрсететін болады.Сыйлықтың жаңа қоюшы-режиссері - жас, кеудемсоқ және талантты Максим Пасюк.«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» ұлттық телеарнасын, «Балапан» және «КAZsport» телеарналарын, Қазақ, «Шалқар», «Астана» және «Classic» радиоларын, сондай-ақ аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan
Загрузка...

Комментирование закрыто.