©alawБұған дейін Сухаиль аль-Мазруи ОПЕК «қара алтын» бағасы барреліне 40 долларға дейін құласа да, мұнай өндіру квотасы төмендемейтінін ескерткен еді. Дегенмен, энергетика министрі таяу арада мұнай бағасы тұрақтанатынына сенімді. Айтуынша, құлдырау жалған ақпараттың тарап, бағаның қолдан жасалуынан болып отыр. Сондай-ақ Араб Әмірліктерінің министрі өз елінің баға демпингіне қатыстылығын жоққа шығарды.

Ал, ірі өндіруші ел – Сауд Арабиясының мұнай министрі Али аль-Наими да мұнай бағасы өседі деген сенім білдірді. Бір қызығы, министрдің бұл мәлімдемесінен кейін «қара алтынның» бағасы шынымен көтерілді. Мәселен, бүгін Brent 1,4%-ға көтеріліп, баррелі үшін 62,23 долларға жетті. Ал, WTI маркілі мұнай бағасы 1,1% артып, барреліне $57,78 долларды құрады.

Ал біздің елдегі экономика министрлігі мұнай бағасы 40 доллар шамасына дейін түспейтіндігін жеткізді.

Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Абылқасымова мәлімдеді. Айтуынша, ведомство ел бюджеті әлемдік нарықта «қара алтынның» бағасы 70, 60, 50, тіпті 40 долларға дейін төмендеуін есепке ала отырып, жоспарланған.

Дегенмен вице-министр мұнай бағасы 40 долларға дейін түсе қоймайды деген үмітте. Елдегі жоспарлы бюджет мұнай бағасы 2015 жылы барреліне 80 доллар болады деген есеппен жасалған.

Автор: Turkystan.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/economica/munay-bagasyi-40-dollarga-tuse-me-59706/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Рубрика: